"Есіл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін 2012 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік несие беру туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 51/276 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 мамырдағы N 5/24 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 маусымда N 13-6-193 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 қаңтардағы N 01-21/9 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2013.01.11 N 01-21/9 хаты)

       «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 213 Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы 21-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. «Есіл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін 2012 жылы көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несие беру туралы» аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 51/276 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 18 қаңтарында № 13-6-183 тіркелген, 2012 жылғы 3 ақпандағы № 7 (302) «Есіл таңы», 2012 жылғы 3 ақпандағы № 7 (8586) «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған шешімнің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Есіл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несие беру туралы»;
      1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «1. Есіл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең көтерме жәрдемақы берілсін;
      2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «2. Есіл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін маманмен өтініш берілген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.».
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       П. Гольцер

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т. Мұқашев

      Келісілді:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д. Позолотин

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г. Стороженко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады