2011 жылы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 32/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының 2011 жылғы 21 сәуірде N 13-7-146 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 3/7 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2012.04.16 N 3/7 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. 2011 жылы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына өтініш берген сәтіне жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомасында көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. 2011 жылы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау маманмен мәлімделген сомада бюджеттік кредит түрінде, бірақ бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болып өтініш берген сәтте берілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2011.08.17 N 35/1 Шешімімен
      3. «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, ауыл аумақтарының дамуы бойынша өкілетті орган ретінде, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне (әрі қарай Ережелерімен) сәйкес мамандардың құжаттарын қабылдау және тіркеуді жүргізіп, Жамбыл ауданы әкімдігінің ведомствоаралық комиссиясына қаралуға жіберілсін, сондай ақ осы шешімнің орындалуы бойынша шаралар қолдансын.
      4. Жамбыл ауданы әкімдігінің ведомствоаралық комиссиясы бекіткен Ережелерін негізгі алып өкілетті органдарымен жіберілген құжаттарды қарау тәртібін өткізу, оң қорытынды кезде маманға әлеуметтік қолдау шаралар туралы аудандық әкімдікке ұсыныс берілсін.
      5. Осы шешім алғаш рет ресми жариялғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихат
      XXXII сессиясының төрағасы                 хатшысы
      Б. Мұсабаев                                Б. Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады