"2011 жылы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 28 наурыздағы N 32/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 17 тамыздағы N 35/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 қыркүйекте N 13-7-159 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 3/7 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2012.04.16 N 3/7 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 213 Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Жамбыл аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 28 наурыздағы № 32/2 «2011 жылы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-7-146 тіркелген, 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 19 «Ауыл арайы» және «Сельская новь» газеттерінде жариялаған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      2 тармақ жана редакцияда жазылсын:
      «2. 2011 жылы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау маманмен мәлімделген сомада бюджеттік кредит түрінде, бірақ бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болып өтініш берген сәтте берілсін.».
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жариялағаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс ХХХV                          хатшысы
      сессиясының төрағасы
      Б. Мұсабаев                                Б. Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады