Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 29-3 "2011 жылы Мағжан Жұмабаев ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 тамыздағы N 34-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 31 тамызда N 13-9-139 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 39-4 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихаттың 2011.12.22 N 39-4 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөннеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 29-3 «2011 жылы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қаңтарда № 13-9-127 тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 7, «Мағжан Жұлдызы» газетінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 7 сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «1. 2011 жылы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін, маман өтінішінде көрсетілген, бірақ өтініш берген сәтінде бір мың бес жүз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын».
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Мәслихат хатшысы
      В. Якушев                                  В. Гюнтнер

      «Келісілген»
      Аудандық ауыл Шаруашылығы
      және ветеринария бөлiмiнің бастығы         Р.Н. Смағұлов

      «Келісілген»
      Аудандық экономика және бюджеттiк
      жоспарлау бөлiмiнің бастығы                М.И. Омарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады