Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданы әкімінің 2012.05.08 N 14 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырындағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
1. Мағжан Жұмабаев ауданының шақырту учаскесіне 1995 жылы туған, тіркеу жылы 17 жасқа толатын және Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында бұрын тіркелмеген, әскерге шақыру жасы үлкен Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2012 жылы қаңтардан наурыз аралығында шақырту учаскесіне тіркеуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д.Қабдөшевке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардағы пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі Б. Бубенко
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығының Ум.а Н.Сарсымбаев