2011 жылы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауға және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 31/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 сәуірде N 13-10-133 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 маусымдағы N 82)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012.06.11 N 82)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15)тармақшасына  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес, Мамлют аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мамлют ауданының селолық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы өтiнiш беру кезiне жетпiс есептiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы берiлсiн.
      2. 2011 жылы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін маман өтінішінде көрсетілген сомасында, өтініш берген сәтінде, бірақ айлық есеп көрсеткішінен бір мың бес жүз еседен аспайтын бюджеттік кредит түрінде ұсынылсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2011.08.02 N 34/9 Шешімімен
      3. Аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде, бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережелерімен сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, (одан әрі Ережелермен) мамандардың құжаттарын қабылдауы және тіркеуі өткізілсін, Мамлют ауданы әкімдігінің жанында Ведомствоаралық ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну комиссиясына (одан әрі ведомствоаралық комиссия) жіберілсін және осы шешімнің жүзеге асырылуына шаралар қолдансын (келісім бойынша).
      4. Ведомствоаралық комиссиясына бекітілген Ережелерді басшылыққа алумен уәкілетті органмен жіберілген құжаттарды қарастыру процедурасы өткізілсін, оң тұжырым болса аудан әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау берілу туралы ұсынылсын.
      5. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      З. Шаяхин                                  А. Қошанов

      КЕЛІСІЛГЕН:
      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданының ауыл шаруашылық
      және ветеринария бөлiмi»
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы            И. Насыров

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют аудандық экономика және
      қаржы бөлiмi» мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы                        А. Яковенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады