Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012.06.11 N 82)
Қазақстан Республикасы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысына сәйкес Мамлют аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2011 жылы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауға және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-10-133 бойынша 2011 жылғы 22 сәуірден, 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 19 «Солтүстік жұлдызы» газетінде, № 20 «Знамя труда» газетінде жарияланған) Мамлют аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 28 наурыздағы № 31/3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. 2011 жылы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін маман өтінішінде көрсетілген сомасында, өтініш берген сәтінде, бірақ айлық есеп көрсеткішінен бір мың бес жүз еседен аспайтын бюджеттік кредит түрінде ұсынылсын».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы хатшысы
Н. Знайко А. Қошанов
КЕЛIСIЛГЕН:
«Мамлют ауданының ауыл
шаруашылық және ветеринария бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Ы. Насыров
«2» тамыз 2011 жыл
«Мамлют аудандық экономика
және қаржы бөлімі мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы» Р. Ғаббасов
«2» тамыз 2011 жыл