Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы N 188 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 маусымда N 13-10-137 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы N 34 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2012.01.10 N 34 (бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағына 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес, аудандық еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі бекітілсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар;
      3) жасы елуден асқан ересектер;
      4) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (бір жылдан артық).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.М. Бекшеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми бірінші рет жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады