Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 15.05.2013 шешімімен
«Нормативтік құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 28-бабының 3-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Жеке санаттағы мұқтаж ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 18 наурызында тіркелген № 13-11-171, «Тайынша таңы» 2010 жылғы 9 сәуірде, «Тайыншинские вести» 2010 жылғы 9 сәуірде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 8 ақпандағы № 180 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақтың 2) тармақшасындағы «республикалық және облыстық басылымдарға жазылу құнының мөлшерінде мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуға жылына бір рет, бір адамға бір дана» сөздер алынып тасталсын;
2) 1 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Алпысбаев
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Н. Трифонов
КЕЛІСІЛГЕН
«Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ю. Солунина