Жеке санатты мұқтаж ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы N 180 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 наурызда N 13-11-171 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қарашадағы N 56 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 05.11.2012 N 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 56-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Тайынша ауданының жеке санаттағы мұқтаж ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе ертеде «Батыр Ана» атағын алған, сонымен қатар I және II дәрежелі «Ана Даңкы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға, Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, 3 дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлеріне, 1998-1989 жылдары Чернобыль АЭС апатының зардаптарын жоюға қатысушылар санының тұлғаларына, Қазақстан Республикасына иесіздендіру және көшіру аймақтарынан көшірілгендерге (өз еркімен көшіп кеткендерге) көшетін күнде анасының құрсағында болған балаларды қоса санаторлық-курорттық емделуге жылына бір рет жолдама құнының мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға ай сайын моншаға, шаштаразға баруға 900 теңге мөлшерінде, тісті протездеуге (құнды металдарды және металлокерамикалық протездерді қоспағанда, металл пластика) жылына бір рет ұсынылған шот-фактура құнының мөлшерінде;
      3) алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2010.04.12 N 191 Шешімімен
      4) алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2011.03.28 N 253 Шешімімен
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2010.04.12 N 191; 2011.03.28 N 253 Шешімдерімен
      1-1. Белгіленсін:
      1) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне өтінішті берген айынан бастап монша және шаштаразға бару үшін ай сайын әлеуметтік көмек тағайындалады және өтініш берушінің қаза болғанына байланысты немесе аудан шекарасынан көшіп кеткеніне байланысты тоқтатылады. Төлем көрсетілген оқиға болған айынан келесі айдан бастап тоқтатылады;
      2) тісті протездеуге әлеуметтік көмек тісті протездеуге лицензиясы бар аудан бюджетімен қарастырылған қаражаттар шегінде тісті протездеу құнының мөлшерінде (қымбатты металдарды, метал керамикалық, метал пластикалық протездерді қоспағанда) медициналық ұйыммен жүзеге асырылады;
      3) жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операцияларды іске асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушының есеп-шотына ақша қаражатын аудару жолымен іске асырылады.
      Ескерту. 1-тармақ 1-1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2010.04.12 N 191 Шешімімен
      2. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы мұқтаж ететін азаматтарға әлеуметтік көмек» 451.007.000 бағдарламасы бойынша қаржы жылындағы осы мақсаттарға қарастырылған жергілікті бюджеттің есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге шығындардың қаржыландыруы жүргізілсін.
      3. Бұл шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тиісті.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ю. Машталяр
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Қ. Ысқақов
      (ТАМ)

      КЕЛІСІЛДІ:                          2010 жылдың 08 ақпанында

      «Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      Бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің Бастығы                        Ю. Солунина
      (ЖҚӘББ)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады