"Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік шараларын ұсыну туралы" Тимирязев аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 28/7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2011 жылғы 1 тамыздағы N 34/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 тамызда N 13-12-131 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 3/3 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2012.04.16 N 3/3 Шешімімен

      1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысымен аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 28/7 «Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік шараларын ұсыну туралы» (2011 жылғы 20 қаңтардағы 13-12-120 нөмірмен нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген, 2011 жылғы 5 ақпандағы № 7 (136) «Көтерілген тың», 2011 жылғы 5 ақпандағы № 7 (1928) «Нива» газеттерінде жарияланған) сессия шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақ 2) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «2) айлық есептеуіш көрсеткішінің бір мың бес жүз есе мөлшерінен аспайтын сомада, тұрғын үйді сатып алатын бюджеттік несие».
      2. Осы шешім алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихаттың
      ХХXIV сессия төрағасы                      хатшысы
      Т. Бегенов                                 Ғ. Шаяхметов

      КЕЛІСІЛГЕН 2011 жылғы 29 шілде

      «Тимирязев ауданының
      ауыл шаруашылық және
      ветеринария бөлімі»
      мемлекеттік мекеме бастығының м.а.         Б. Жұмағазин

      «Тимирязев ауданының экономика
      және бюджетті жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г. Қожахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады