Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 28/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 20 қаңтарда N 13-12-120 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 3/3 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2012.04.16 N 3/3 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
      1) жетпіс есе айлық есептеуіш көрсеткішіне тең, сомада көтерме жәрдемақы;
      2) айлық есептеуіш көрсеткішінің бір мың бес жүз есе мөлшерінен аспайтын сомада, тұрғын үйді сатып алатын бюджеттік несие.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2011.08.01 N 34/3 Шешімімен
      2. Осы шешім алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихаттың
      ХХVІІІ сессия төрағасы                     хатшысы
      В. Чигиринских                             Ғ. Шаяхметов

      КЕЛІСІЛГЕН: 2010 жылғы 28 желтоқсан

      «Тимирязев ауданының
      ауыл шаруашылық бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С. Құсаинов

      «Тимирязев ауданының экономика
      және бюджетті жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ж. Мәкенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады