Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 29.03.2013 N 11/4 шешімімен
1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 426-бабына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 6-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Бөлек төлем түрлері бойынша біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 шілдедегі № 25/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің тізіміне 2010 жылғы 19 тамызда № 13-12-114 тіркелген, 2010 жылдың 28 тамыздағы № 35 (111) «Көтерілген тың» және № 36 (1904) «Нива» аудандық газеттерінде жарияланды) келесі өзгертулер енгізілсін:
2 қосымша «Тимирязев ауданы бойынша кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша кездейсоқ жағдайдағы қызметтегі жеке тұлғалар үшін бір күнге біржолғы талондардың құны» осы шешімнің қосымшасына сай жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін, 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
ХХХІV сессия төрағасы хатшысы
Т. Бегенов Ғ.Шаяхметов
КЕЛІСІЛГЕН
«Тимирязев ауданы бойынша
салық басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Сүтемгенов
«Тимирязев ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Г. Қожахметова
Аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 1 тамыздағы № 34/2/
шешіміне қосымша
Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 29 шілдедегі № 25/4
шешіміне 2-қосымша
Тимирязев ауданы бойынша кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша кездейсоқ жағдайдағы қызметтегі жеке тұлғалар үшін бір күнге біржолғы талондардың құны
№ р/с |
Кәсіпкерлік қызмет түрі |
Бір күнге біржолғы талонның құны (теңге) |
1 |
Тұқым, сондай-ақ отырғызатын материал (екпелер, көшет) сату |
127 |
2 |
Бақша дақылдарын өткізу |
181 |
3 |
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерімен қызмет көрсету |
127 |
4 |
Үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату |
127 |
5 |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық өнімдерін сату |
103 |
6 |
Үй малдарын бағу, бір басқа: |
|
7 |
Орман жидектерін сату |
90 |
8 |
Бал сату |
232 |
Ескерту: жалға алу шарты бойынша рынок аумағындағы күндізгі бөлім үй-жайда қызмет көрсететін тұлғаларға біржолғы талондардың құны таралмайды.