2011 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында Шал ақын аудан аумағындағы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы N 51 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 наурызда N 13-14-125 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы N 156 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігінің 22.05.2012 N 156 Қаулысымен

       «Қазақстан РКүші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы N 156 Қаулысыменеспубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 19-бабы 3-тармағына, 20-бабы 1-тармағына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін атқарған жедел әскери қызметінің әскери қызметкерлерін запасқа босату туралы және 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы азаматтарының жедел әскери қызметке кезекті шақырылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шал ақын ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім арқылы он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, кейінге қалдырылған немесе әскерден босатылуға құқықтары жоқ ер азаматтарды, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметке шақыру бойынша белгіленген мерзімде әскери қызметті атқармаған, сонымен қатар оқу мекемелерінен шығарылған азаматтарды, 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің ішкі әскери қатарға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланға, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігіне аудан аумағында жедел әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Әскерге шақыруды өткізу үшін қосымшаға сәйкес құрамда аудандық шақыру комиссиясы, аудандық шақыру комиссиясының қор құрамы құрылсын.
      3. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
      1) әскерге шақырылушыларды және үміткерлерді, әскери оқу орындарына түсетіндерді медициналық куәландыру үшін мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар және орта медициналық қызметкер құрамынан қажетті маман-дәрігерлер бөлсін;
      2) шақыруқ комиссиясын қажетті медициналық дәрі-дәрмек және құрал-сайманмен қамтамасыз етсін;
      3) қажет болған жағдайда әскерге шақырылушылардың қосымша медициналық зерттеуін қамтамасыз етсін, ол үшін қажетті санды керует - орнын бөлсін.
      4. Ауданның қаржы бөлімі шақыру жүргізуге, қажетті санда техникалық қызметкер және автокөлік құралдарын ұстауға ақшалай қаражаттың уақытында бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсiн.
      6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудан әкiмi                                     А.Әмрин

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау
      Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
      Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы»
      коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорнының
      бас дәрігері                                  Б.Ә. Әбдімәлік

      «Шал ақын ауданының қорғаныс істері бойынша
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы       Р.Р.Мұратбеков

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 18 наурыз N 51 қаулысымен
бекітілді

Шақыру комиссиясының құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2011.10.07 N 241 Қаулысымен

Қуат Оспанұлы Ысқақов –          комиссия төрағасы, «Шал ақын
                                       ауданы Қорғаныс істері
                                       жөніндегі бөлім» ММ бастығының
                                       міндетін атқарушы
                                       (келісім бойынша)

      Зина Сапуанқызы Байғаскина –     комиссия төрағасының
                                       орынбасары, Шал ақын ауданы
                                       әкімінің орынбасары

      Комиссия мүшелелері:

      Баян Жылқыбайұлы Таймышев –      «Шал ақын ауданы ішкі істер
                                       бөлім» ММ бастығының
                                       орынбасары (келісім бойынша)

      Айнагүл Жасұланқызы –            «Қазақстан Республикасы
      Асылбекова                       денсаулық сақтау Министрлігі
                                       Солтүстік Қазақстан облысы
                                       әкімдігінің Шал ақын ауданының
                                       орталық аудандық ауруханасы»
                                       КҚМК дәрігері-жұқпалы
                                       ауруларды емдейтін маманы
                                       медициналық комиссиясының
                                       төрайымы (келісім бойынша)

      Бибігүл Мүсенқызы –              «Қазақстан Республикасы
      Базарбекова                      денсаулық сақтау Министрлігі
                                       Солтүстік Қазақстан облысы
                                       әкімдігінің Шал ақын
                                       ауданының орталық аудандық
                                       ауруханасы» КҚМК психиатрдың
                                       медициналық медбикесі,
                                       комиссия хатшысы
                                       (келісім бойынша)

Шақыру комиссиясының резервті құрамы:

      Әнуар Жанатұлы Әбілмәжінов –     комиссия төрағасы, «Шал ақын
                                       ауданы Қорғаныс істері
                                       жөніндегі бөлім» ММ
                                       келісімшарт бойынша әскери
                                       қызметшілерді жинау және
                                       шақыру бөлімшесінің бастығы
                                       (келісім бойынша)

      Медет Дулатұлы Оспанов –         комиссия төрағасының
                                       орынбасары, «Шал ақын аудан
                                       әкім аппаратының» ММ басшысы

      Комиссия мүшелелері:

      Мұрат Қадырұлы –                 «Шал ақын ауданы ішкі істер
      Ескендіров                       бөлім» ММ бастығының
                                       орынбасары (келісім бойынша)

      Ерік Дүйсенұлы Смайылов –        медициналық комиссиясының
                                       төрағасы, «Қазақстан
                                       Республикасы денсаулық сақтау
                                       Министрлігі Солтүстік
                                       Қазақстан облысы әкімдігінің
                                       Шал ақын ауданының орталық
                                       аудандық ауруханасы» КҚМК бас
                                       дәрігерінің орынбасары
                                       (келісім бойынша)

      Ботагөз Түпейқызы –              комиссия хатшысы,
      Хамзина                          «Қазақстан Республикасы
                                       денсаулық сақтау Министрлігі
                                       Солтүстік Қазақстан облысы
                                       әкімдігінің Шал ақын ауданының
                                       орталық аудандық ауруханасы»
                                       КҚМК медициналық медбикесі
                                       (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады