2011 жылғы 18 наурыздағы N 51 "2011 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында Шал ақын аудан аумағындағы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Шал ақын ауданы әкімдігінің қаулысына өзгертулерді енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 қазандағы N 241 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 қазанда N 13-14-136 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 2015 жылғы 12 маусымдағы N 15.1.5-11/314 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 12.06.2015 N 15.1.5-11/314 хаты).
      1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 18 наурыздағы № 51 "2011 жылы сәуiр-маусым, қазан-желтоқсан айларында Шал ақын аудан аумағындағы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Шал ақын ауданы әкімдігінің қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін (2011 жылғы 25 наурыздағы № 13-14-125 құқықтық-нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 14 "Новатор", 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 14 "Парыз" газеттерінде жарияланды).
      Көрсетілген қаулыға қосымша жаңа басылымда баяндалсын (қоса беріледі).
      2. Осы қаулының орындауына бақылау аудан әкімінің орынбасары Зина Сапуанқызы Байғаскинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жариялануынан 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Тінеев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтау Министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің
Шал ақын ауданының
орталық аудандық ауруханасы"
коммуналдық қазыналық
мемлекеттік кәсіпорны
2011 жылдың 7 қазанында
Б.Ә. Әбдімәлік
      "Шал ақын ауданының
қорғаныс істері бойынша бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
2011 жылдың 7 қазанында
Қ.О. Ысқақов

  2011 жылдың 7 қазанындағы № 241
Шал ақын ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымша
2011 жылдың 18 наурыздағы № 51
Шал ақын ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымша

Шақыру комиссиясының құрамы

       Қуат Оспанұлы Ысқақов – комиссия төрағасы, "Шал ақын ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлім" ММ бастығының міндетін атқарушы (келісім бойынша)
       Зина Сапуанқызы Байғаскина – комиссия төрағасының орынбасары, Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары
       Комиссия мүшелелері:
       Баян Жылқыбайұлы Таймышев – "Шал ақын ауданы ішкі істер бөлім" ММ бастығының орынбасары (келісім бойынша)
       Айнагүл Жасұланқызы Асылбекова – "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы" КҚМК дәрігері-жұқпалы ауруларды емдейтін маманы медициналық комиссиясының төрайымы (келісім бойынша)
       Бибігүл Мүсенқызы Базарбекова – "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы" КҚМК психиатрдың медициналық медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
      Шақыру комиссиясының резервті құрамы:
       Әнуар Жанатұлы Әбілмәжінов – комиссия төрағасы, "Шал ақын ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлім" ММ келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді жинау және шақыру бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)
       Медет Дулатұлы Оспанов – комиссия төрағасының орынбасары, "Шал ақын аудан әкім аппаратының" ММ басшысы
       Комиссия мүшелелері:
       Мұрат Қадырұлы Ескендіров – "Шал ақын ауданы ішкі істер бөлім" ММ бастығының орынбасары (келісім бойынша)
       Ерік Дүйсенұлы Смайылов – медициналық комиссиясының төрағасы, "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы" КҚМК бас дәрігерінің орынбасары (келісім бойынша)
       Ботагөз Түпейқызы Хамзина – комиссия хатшысы, "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы" КҚМК медициналық медбикесі (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады