"Қызметтің жеке түрлері бойынша біржолғы талондардың бағасы туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 20/9 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2011 жылғы 1 тамыздағы N 40/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 7 қыркүйекте N 13-14-135 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 11/10 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2012.12.20 N 11/10 Шешімімен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. «Қызметтің жеке түрлері бойынша біржолғы талондардың бағасы туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20/9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 1 ақпанда 13-14-92 нөмірімен тіркелді, аудандық «Парыз» газетінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 8, «Новатор» газетінің 2010 жылғы 12 ақпандағы 8 нөмірінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      «Эпизодтық сипаттағы қызметтің жеке тұлғалары үшін біржолғы талонның құны туралы» қосымшасы жаңа басылымда баяндалсын (қосымшаға сәйкес).
      2. Осы шешім 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихаттың
      XL сессиясының төрағасы                    хатшысы
      Д. Садықов                                 Н. Дятлов

      «Келісілді»

      Шал ақын ауданы бойынша
      салық басқармасының бастығы                Ш.С. Әлмұрзин
      2011 жылғы 1 тамыз

Шал ақын ауданы мәслихатының
2011 жылғы 1 тамыздағы
XL сессиясының № 40/4 шешіміне
қосымша

Шал ақын ауданы мәслихатының
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
XХ сессиясының № 20/9 шешіміне
қосымша

Эпизодтық сипаттағы қызметтің жеке тұлғалары үшін біржолғы талонның құны туралы

Қызмет түрлерінің тізімі

Бір күнге біржолғы талондардың бағасы (теңгемен)

1

(Тұрақты орында жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда):
1) бал
2) сүт және сүт өнімдерін
3) ет және ет өнімдерін
4) саңырауқұлақ, жеміс-жидек, қосалқы шаруашылық, бағбаншылық және бақшашылық өнімдерін
5) балық
6) көкөністер мен жидектер, бау-бақша дақылдарын
7) өнеркәсіп тауарларын сату

 
 
200
40
400
75
 
 
230
300
 
280

2

Үй жануарларын (бір бас):
1) ірі қара мал (сиыр)
2) жылқы бағу

 
2
2

3

Бау-бақшаларды жырту

150

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады