Қызметтің жеке түрлері бойынша біржолғы талондардың бағасы туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 20/9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 ақпанда N 13-14-92 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 11/10 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2012.12.20 N 11/10 Шешімімен

      «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің іске енуі туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабына сәйкес, арнайы салық тәртібі бойынша төлемдердің тиісті төлемақыларын бекіту мақсатында Шал ақын ауданы бойынша Салық басқармасымен өткізілген орташа күндік хронометражды тексерістің негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Жеке тұлғалар үшін біржолғы талон төлемақылары бекітілсін, қызметін қосымшаға сәйкес эпизодикалық сипат жүргізеді.
      2. «Төлемдердің жеке түрлері бойынша төлемақылар бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 12 желтоқсандағы ХХІХ сессиясының № 29/3 (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде 2006 жылғы 17 қаңтарда 13-14-23 нөмірімен тіркелді, аудандық «Парыз» газетінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 1, «Новатор» газетінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы 9 нөмірінде жарияланған) шешімі, «Төлемдердің жеке түрлері бойынша төлемақылар бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 29/3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 10 тамыздағы аудандық мәслихаттың XXXV сессиясының № 35/1 (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде 2006 жылғы 7 қыркүйекте 13-14-34 нөмірімен тіркелді, аудандық «Парыз» газетінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 9, «Новатор» газетінің 2006 жылғы 19 қыркүйектегі 79 нөмірінде жарияланған) шешімі, «Төлемдердің жеке түрлері бойынша төлемақылар бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 29/3 шешіміне өзгертулер енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 12 шілдедегі аудандық мәслихаттың VІ сессиясының № 6/5 шешімі (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылғы 17 шілдеде 13-14-66 нөмірімен тіркелді, аудандық «Новатор» газетінің 2008 жылғы 25 шілдедегі 59-60 нөмірлерінде жарияланған) шешімі күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң іске енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихаттың
      XХ сессиясының төрағасы                    хатшысы
      З. Құрманқұлов                             Н. Дятлов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Шал ақын ауданы бойынша салық
      басқармасы бастығының орынбасары           С. Мұқанов
      2009 жылғы 25 желтоқсан

Шал ақын аудандық мәслихаттың
ХХ сессиясының 20/ шешіміне
қосымша
2009 жылғы 25 желтоқсан

Эпизодтық сипаттағы қызметтің жеке тұлғалары үшін біржолғы талонның құны туралы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2011.08.01 N 40/4 Шешімімен

Қызмет түрлерінің тізімі

Бір күнге біржолғы талондардың бағасы (теңгемен)

1

(Тұрақты орында жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда):
1) бал
2) сүт және сүт өнімдерін
3) ет және ет өнімдерін
4) саңырауқұлақ, жеміс-жидек, қосалқы шаруашылық, бағбаншылық және бақшашылық өнімдерін
5) балық
6) көкөністер мен жидектер, бау-бақша дақылдарын
7) өнеркәсіп тауарларын сату

 
 
200
40
400
75
 
 
230
300
 
280

2

Үй жануарларын (бір бас):
1) ірі қара мал (сиыр)
2) жылқы бағу

 
2
2

3

Бау-бақшаларды жырту

150

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады