"Шал ақын ауданы азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 24/3 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 44/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 қаңтарда N 13-14-145 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы N 26/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 19.03.2014 N 26/8 шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Шал ақын ауданы азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы XXIV сессиясының № 24/3 шешіміне енгізілсін (2010 жылғы 26 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13-14-100 тіркелген, «Парыз» газетінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 18, «Новатор» газетінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 19 санында жарияланған), келесі өзгертулер мен толықтырулар:
      1 тармақта
      2) тармақша жаңа редакцияда баяндалсын:
      «2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге ай сайын моншаға және шаштаразға баруға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»:
      7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларды келесі мазмұнда толықтырылсын;
      «7) Сергеевка қаласына тұрақты жұмыс істеуге келген жоғары медициналық оқу мекемелерінің түлектері мен дәрігерлерге біржолғы төлемдер, дәрігерлерге 200 000 теңге, орта арнаулы білімді медицина қызметкерлеріне 50 000 теңге»;
      «8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыға, жоғары және орта арнаулы оқу мекемелерінде оқитын студенттердің отбасыларына жыл сайын қыркүйек айында 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлемдер»;
      «9) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне баратын, атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар отбасыларына, 1 балаға арналған айына тамақ құнының ай сайынғы есебінен шығатын тамақ құнының өтемі»;
      «10) жыл сайын 1 маусым қарсаңында Халықаралық балаларды қорғау күнінде мүгедек балаларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмек»;
      «11) жыл сайын 3 желтоқсан қарсаңында Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмек»;
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихаттың
      XLIV сессиясының төрағасы                  хатшысы
      И.Меркер                                   Н. Дятлов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Шал ақын ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      ММ бастығы                                 Т. Оразалин
      2011 ж 21 желтоқан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады