Шал ақын ауданы азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 24/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 сәуірде N 13-14-100 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2012 жылғы 1 тамыздағы N 5/6 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2012.08.01 N 5/6 Шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес мақсатында аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Шал ақын ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне, қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына, тылда әскери қызметтен өткен және еңбек еткен азаматтарға, барлық топтағы мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге жылына бір рет жолдаманың құны көлемінде;
      2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге ай сайын моншаға және шаштаразға баруға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға ұсынылған шот-фактураға сәйкес тіс жөндеуге (бағалы металлдан, металлкерамикалық протезден басқа);
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметке шығындарды төлеуге төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайынғы;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға Астана қ. бару үшін авиатурға әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      6) төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасыларға отбасының (азаматтың) жанға шаққандағы табысынан жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы көмек.
      7) Сергеевка қаласына тұрақты жұмыс істеуге келген жоғары медициналық оқу мекемелерінің түлектері мен дәрігерлерге біржолғы төлемдер, дәрігерлерге 200 000 теңге, орта арнаулы білімді медицина қызметкерлеріне 50 000 теңге;
      8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыға, жоғары және орта арнаулы оқу мекемелерінде оқитын студенттердің отбасыларына жыл сайын қыркүйек айында 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлемдер;
      9) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне баратын, атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар отбасыларына, 1 балаға арналған айына тамақ құнының ай сайынғы есебінен шығатын тамақ құнының өтемі;
      10) жыл сайын 1 маусым қарсаңында Халықаралық балаларды қорғау күнінде мүгедек балаларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмек;
      11) жыл сайын 3 желтоқсан қарсаңында Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмек.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2011.08.01 N 40/3; 2011.12.21 N 44/5 Шешімдерімен
      2. 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша мен шаштаразға бару үшін, сондай-ақ коммуналдық қызметке шығындарды төлеу үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген күннен бастап тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болуына немесе оның Шал ақын ауданы шегінен көшіп кетуіне байланысты тоқтатылады. Көрсетілген жағдайлар болғанда төлем айдан келесі айға дейін тоқтатылады.
      2) тіс протездеуге лицензиясы бар медициналық ұйыммен жүзеге асырылатын тіс протездеуге әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға жылына бір рет аудан бюджетімен көрсетілген қаржы шегінде тіс протездеу (құнды металлдан, металлпластикалық, металлкерамикалық, металлакрилдық протезден басқа) құны көлемінде әлеуметтік көмек;
      3) жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер банк операцияларының түрлеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар немесе екінші деңгейлі банк арқылы әлеуметтік көмек алушылардың жеке шотына ақшалай қаражат аударумен аудару жолымен жүзеге асырылатыны анықталсын.
      3. Әлеуметтік көмек жасауға қаржыландыру шығындары «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір қатарына әлеуметтік көмек» 451.007.000 бағдарламасы бойынша ағымдағы қаржы жылында осы мақсатқа көзделген жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүргізілсін.
      4. Аталмыш шешім 2010 жылғы 1 қаңтарда туындаған құқықтық қатынаста таралады.
      5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен кейін іске енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихаттың
      ХХІV сессиясының төрағасы                  хатшысы
      М. Жоланов                                 Н. Дятлов

      «Келісілді»

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы            А. Садаева
      2010 жылғы 31 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады