Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 319 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 қаңтарда № 4-1-153 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 27 ақпандағы 2018 № 197 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 27.02.2018 № 197 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атырау қаласы бойынша автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын он есеге ұлғайту белгіленсін.

      2. Осы шешiм Атырау облысының әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

XXVII сессия төрағасы

Б. Рысқалиев



Қалалық Маслихат хатшысы

Б. Қазиманов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады