2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 29 наурыздағы N 115 қаулысы. Атырау облысының әділет департаментінде 2011 жылғы 11 сәуірде N 4-3-156 тіркелді. Күші жойылды - Махамбет аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 мамырдағы N 182 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Махамбет аудандық әкімдігінің 2012.05.25 № 182 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу мақсатында аудандық шақыру және резервтік комиссияларының құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және Махамбет селолық округі әкімі аппаратына Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қарамағына техникалық қызметшілерді 2-қосымшаға сәйкес бөлу тапсырылсын.
      4. Аудандық орталық ауруханаға (келісім бойынша) шақыру (жиын) пункттерін жабдықтауды және оған қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-аспаппен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Шақыру учаскелері мен жиын пункттерінде жұмыс істеу үшін іссапарларға жіберілген шақыру комиссиясының мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ қызмет көрсету персоналы адамдарының осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталады.
      6. Егер аталған адамдардың өз міндеттерін атқаруы іссапарлармен байланысты болса, аудан әкімі аппараты олардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және қайтуға, тұрғын үй жалдауына жұмсаған шығыстарын, сондай-ақ іссапар шығыстарын өтеуді қамтамасыз етсін.
      7. Селолық округ әкімдері өз округтері аймағында әскери шақыруға жататын барлық азаматтарды шақыру комиссиясына жеткізсін және автомобиль көлігін бөлуді қамтамасыз етсін.
      8. Аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша):
      1) әскери қызметке шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, тауып, шарасын алу, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандық және облыстық шақыру комиссияларына, әскер қатарына шақырылушыларды тасымалдау кезінде және аудандық шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын:
      2) шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіру және олардың нақты тұратын жерін анықтау жөнінде жедел топтар құру ұсынылсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
      10. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Ө. Зинуллин

      Келісілді:


      Аудандық орталық
      аурухананың бас дәрігері

Е. Сабиров

      Аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім бастығы

Б. Қартқожақов

      Аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы

Н. Исаев


Аудандық әкімдігінің
2011 жылғы 29 наурыздағы
№ 115 қаулысымен бекітілген
1–қосымша

     Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Махамбет аудандық әкімдігінің 2011.08.03 № 265 қаулысымен.
 

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
 

Қартқожақов Бекболат Жұмабайұлы

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
 

Аруев Нұрғали Латифұлы

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
 

Комиссия мүшелері:
 

Сабиров Еркін Бекетұлы

Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
 

Тәжбентаев Әнуар Сайлаубайұлы

Аудандық ішкі істері бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
 

Ердаулетова Камшәт Мақсотқызы

Аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
 

   

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы
 

Джазбаев Ермек Тілекқабылұлы

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
 

Алипов Роман Зулпухарович

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің бас маман-заңгері, комиссия төрағасының орынбасары
 

Комиссия мүшелері:
 

Молдашева Бақтылы Үмбетовна

Аудандық орталық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)
 

Дингилов Меңдәлі Бақтығалиұлы

Аудандық ішкі істері бөлімінің кадр инспекторы (келісім бойынша)
 

Жұмағалиева Райса Халыққызы

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери қызметке шақыру және алу бөлімше бастығының аға көмекшісі, комиссия хатшысы. (келісім бойынша)
 

   


Аудандық әкімдігінің
2011 жылғы 29 наурыздағы
№ 115 қаулысына 2-қосымша

2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына бөлінетін техникалық қызметкерлердің саны
 

Р/с

Мекеменің аты

Бөлу мерзімі

Қызметкерлер саны

1

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

сәуір-маусым
қазан-желтоқсан

1

2

Махамбет селолық округі әкімі аппараты

сәуір-маусым
қазан-желтоқсан

4

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады