Махамбет аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 115 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 3 тамыздағы N 265 қаулысы. Атырау облысының әділет департаментінде 2011 жылғы 6 қыркүйекте N 4-3-160 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Махамбет аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 115 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына (Атырау облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 11 сәуірде № 4-3-156 санымен тіркелген, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінде 2011 жылғы 14 сәуірде № 16 санды номерімен жаярияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      қөрсетілген қаулының 1 қосымшасында:
      аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамында:
      "Төремұратов Бек-Марғұлан Кұлмұханович" деген сөздер "Аруев Нұрғали Латифұлы" деген сөздермен өзгертілсін;
      аудандық әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамында:
      "Жалмұханов Жасқыран Сәлімжанұлы" деген сөздер "Алипов Роман Зулпухарович" деген сөздермен өзгертілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Аудан әкімі                                Ө. Зинуллин

Келісілді:

      Махамбет аудандық орталық
      аурухананың бас дәрігері                   Е. Сабиров
      2011 жылдың "2" тамызы

      Махамбет аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім бастығы                    Б. Қартқожақов
      2011 жылдың "2" тамызы

      Махамбет аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          Н. Исаев
      2011 жылдың "2" тамызы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады