Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар және Атырау облыстық және Махамбет аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін Махамбет ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы N 424 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 желтоқсанда N 4-3-164 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 674 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 19.12.2014 № 674 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Махамбет ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар және Атырау облыстық және Махамбет аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген Махамбет ауданы бойынша мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген талаптар мен тәртіпке сәйкес келісім-шарт негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды және Атырау облыстық және Махамбет аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлармен қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Арыстанға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ө. Зинуллин

Келісілді:

      Аудандық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Н. Қалиев

Аудандық әкімдігінің     
2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 424
қаулысына 1 қосымша      

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар және Атырау облыстық және Махамбет аудандық
мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін Махамбет ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі

Орналасқан орны

1

Махамбет селосының Махамбет селолық округі әкімдігі ғимаратының алдындағы және Орталық алаңдағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

2

Махамбет селосының аудандық сот ғимаратының жанындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

3

Махамбет селосының аудандық орталық аурухана ғимаратының алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

4

Сарытоғай селосының И. Тайманов және Қ. Қалыбеков көшелерінің қиылысындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

5

Жалғансай селосының "Рашид" дүкенінің қасындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

6

Ортақшыл селосының "Батима" дүкенінің қасындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

7

Есбол ауылының "Абылайхан" дүкенінің қасындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

8

Еңбекшіл ауылының "Альвира-Эльвира" дүкенінің қасындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

9

Алға селосының Орталық көшесіндегі ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

10

Ақжайық селосының селолық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

11

Алмалы селосының Бейбітшілік көшесіндегі ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

12

Береке ауылының Түсіпқалиев көшесіндегі ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

13

Бейбарыс селосының Әйтеке би көшесіндегі ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

14

Талдыкөл ауылының Ж. Жабаев көшесіндегі ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

15

Сарайшық селосының А. Иманов және С. Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

16

Ескі Сарайшық ауылының "Психиатриалық жүйке аурулар интернаты" ғимаратының алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

17

Таңдай селосының селолық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

18

Ақтоғай селосының селолық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық

Аудандық әкімдігінің     
2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 424
қаулысына 2 қосымша     

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды және Атырау облыстық және Махамбет аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлармен қамтамасыз етуге жауапты Махамбет ауданындағы мемлекеттік органдар

Мемлекеттік орган атауы

Басшысының аты, жөні

Телефон, факс

Мекен-жайы

1.

"Махамбет аудандық қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

Құлмағамбетов Ерсайын Нұрымұлы

8 71236 21452

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосы, Абай көшесі, 13

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады