Исатай ауданында халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы N 24 қаулысы. Атырау облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 наурызда N 4-4-178 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы N 93 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 21.05.2012 N 93 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Норомативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын мекемелердің тізбесі бекітілсін.
      2. Аталмыш қаулының 3-тармағына сәйкес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Н. Құрманғалиева) селолық округ әкімдері мен ұйым жетекшілері (келісім бойынша) ұйымдастырылатын жұмыс орындарын, қаражатпен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылатын тұлғаларға аударылатын орташа айлық мөлшері 20 000 (жиырма мың) теңгеге тең.
      4. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 27 "Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысының күші жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Утегалиевке жүктелсін.
      6. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Қарабаев

      Келісілді:
      "Арайстройсервис" жауапкершілігі
      шектеулі серіктестігінің директоры А. Аманбаев
      20.02.2011 ж.
      "Исатайгазстройсервис" жауапкершілігі
      шектеулі серіктестігінің директоры А. Аманбаева
      20.02.2011 ж.
      "Исатай тазалық" жауапкершілігі
      шектеулі серіктестігінің директоры Г. Халидуллина
      20.02.2011 ж.
      "Курасов Р.З. шаруа
      қожалығы директоры Е.Р. Курасов
      20.02.2011 ж.
      "Кусайынов К. шаруа
      қожалығы басшысы К. Кусайынов
      20.02.2011 ж.
      "Кабдолкызы З." шаруа
      қожалығы басшысы Т. Ахтаев
      20.02.2011 ж.

  Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы N 24 қаулысымен бекітілген қосымша

Исатай аудан бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын мекемелер тізбесі


Мекемелер атауы
Өлшем бірлігі (адам)
1
"Арайстройсервис" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
4
 
"Исатайгазстройсервис" жауапкершілігі серіктестігі (келісім бойынша)
5
 
"Исатай тазалық" жауапкершілігі серіктестігі (келісім бойынша)
8
 
"Курасов Р.З. шаруа қожалығы(келісім бойынша)
2
 
"Кусайынов К. шаруа қожалығы (келісім бойынша)
6
 
""Қабдолқызы З." шаруа қожалығы (келісім бойынша)
5
 
Барлығы
30

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады