Нарын селолық округінің "Қызылжар" елді мекенінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі N 63 қаулысы. Атырау облысының Исатай аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 2 маусымда N 4-4-180 тіркелді. Күші жойылды – Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 93 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 21.05.2012 № 93 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9-тармақшасын басшылыққа алып және Атырау облысы Исатай ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 04-04-148 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нарын селолық округінің "Қызылжар" елді мекенінің тұрғыны Құлмажитов Сатыбалдының үй мысығынын құтыру ауруына оң нәтиже беруіне байланысты "Қызылжар" елді мекеніне шектеу іс шаралары 60 (алпыс) күн мерзімге белгіленсін.
      2. Нарын селолық округінің "Қызылжар" елді мекеніне шектеу іс шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Нарын селолық округінің әкімі Е. Насимуллинге, Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Х. Қабасов (келісім бойынша), Исатай аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі М. Жағпаровқа, "Исатай аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері С. Айдаралиевке (келісім бойынша), Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С. Жапақовқа (келісім бойынша), Исатай аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Ө. Шакесоваға (келісім бойынша) іс шарадағы көрсетілген тапсырмаларын орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы іс-шаралардағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты апта сайын аудандық ветеринария бөліміне тапсыру ұсынылсын.
      5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сұлтанбековке жүктелсін.
      6. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Б. Қарабаев 

      Келісілді:
Аудандық орталық аурухананың        Аудандық ішкі істер бөлімінің
бас дәрігері С. Айдаралиев          бастығы С. Жапақов
25.04.2011 жыл                      25.04.2011 жыл
Аудандық санитарлық-                Ауыл шаруашылығы Министрлігі
эпидемиологиялық қадағалау          агроөнеркәсіптік кешендегі
басқармасының бастығы___________    мемлекеттік инспекция
Ө. Шакесова                         Комитетінің аудандық аумақтық
                                    инспекциясының бастығы
25.04.2011 жыл                      Х. Қабасов
                                    25.04.2011 жыл


Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі N 63 қаулысымен бекітілген қосымша

Нарын селолық округінің "Қызылжар" елді мекенінде шектеу
іс-шараларын белгілеу

Атқаратын шаралардың мазмұны

Орындалу мерзімі

Орындалуына жауаптылар

1

Құтыру ауруының белгісі бар ауру жануарларды алып қою және жою және ветеринарлық талаптарға сәйкес залалсыздандыру шараларын алып, құтыру ауруы белгісі бар өлекселерді өртеу арқылы жоюды ұйымдастырсын.

Тұрақты

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі

2

Ауырған мысықпен қарым-қатынастары болған адамдарды шұғыл ауруханаға жеткізіп және құтыру ауруына қарсы вакциналық егісті ұйымдастыру, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүзеге асырылсын

Тұрақты

"Исатай аудандық орталық ауруханасы" комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша), Исатай ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша)

3

Нарын селолық округіндегі мал мен иттерді,мысықтарды егіп, сол сияқты ауру ошақтарын залалсыздандырсын

Тұрақты

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі

4

Ауру ошағынан ( "Қызылжар " елді мекенінен ) мал өнімдерін шығармауды ұйымдастыру

Тұрақты

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі, Нарын селолық округ әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады