Квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы N 107 қаулысы. Атырау облысының Мақат ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 маусымда N 4-7-128 тіркелді - Күші жойылды - Мақат ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - "Мақат ауданы әкімінің аппараты" ММ 2012.09.03 № 181 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 21 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының үш пайыз мөлшерінде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін Мақат ауданында жалпы санының бір пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. "Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды осы қаулыға сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Сағиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қайненов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады