Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай біржолғы материалдық көмек төлеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 9 маусымдағы N 111 қаулысы. Атырау облысының Мақат ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 24 маусымда N 4-7-129 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын және аудандық Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 241-ІV "2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешімін (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-7-123 болып тіркелген) басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай жергілікті бюджеттен 100 000 (жүз мың) теңгеден біржолғы материалдық көмек төленсін.
      2. "Мақат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі материалдық көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Сағиевке жүктелсін.
      4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қайненов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады