Әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 16 маусымдағы N 118 қаулысы. Атырау облысының Мақат ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 шілдеде N 4-7-130 тіркелді. Күші жойылды - "Мақат ауданы әкімінің Аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 04 ақпандағы № 45 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - "Мақат ауданы әкімінің Аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2013.02.04 № 45 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын және аудандық Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 241-ІV "2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешімін басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған аудан азаматтарына, ай сайын 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. "Мақат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Сагиевке тапсырылсын.
      4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                К. Қайненов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады