Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағын 18 тармақшасын Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 19 бабының 4 тармағына басшылыққа алып және Құрманғазы аудандық Бас мемлекеттік ветеринария-санитариялық инспекторының № 7 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2011 жылғы 4 тамыздағы № 64 сараптамасымен, азаматша Тулегенова Аққүмістің меншігіндегі мүйізді ірі қара малы "қарасан" ауруына оң нәтиже берілуіне байланысты, Кудряшов селолық округіндегі "Кудряшов" селосына карантин белгіленсін.
2. Кудряшов селосына карантин белгіленуіне байланысты селолық округ әкімі З. Ертаеваға, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Н. Баженовке, Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі Ә. Әбдірахманға, "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Б. Ғазизовқа, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ж. Қаспановқа, Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы К. Утаровқа келесі тапсырмаларды орындау ұсынылады:
1) "қарасан" ауруы белгісі білінген жануарларды бөлектеп, тұрғындардың жануарлар ұсталатын аула-қораларын залалсыздандыруды қолдағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ұйымдастыру;
2) 3 айдан 4 жас аралығындағы ірі-қара малдарын, "қарасан" ауруына қарсы егістен өткізуді ұйымдастыру;
3) ірі-қара, қой малдарын, дайындалған жем-шөпті және мал азығын сыртқа шығармауға;
4) "Кудряшов" селосына ветеринариялық пост құрып және тәулік бойы уәкілетті органдардың кезекшілігі ұйымдастырылсын;
5) "қарасан" ауруымен аурып өлген малдың өлекселері өртеліп, мал қорымдарына көмуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ұйымдастыру.
3. Осы қаулының 2 тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес құқықтары мен міндеттері шегінде тапсырмаларды орындау үшін ұсынылсын.
Қаулыда көрсетілген тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты апта сайын аудандық ветеринария бөліміне тапсыру ұсынылады.
4. Осы қаулының орындалуын қадағалауды аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа жүктелсін.
5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 4 тамызынан пайда болған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі: | А. Такешев |