Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013.02.21 № 106 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектеріне жергілікті бюджеттен қаралған қаражат шегінде республикалық, облыстық және аудандық газеттерге жазылу үшін біржолғы әлеуметтік көмек тағайындалсын.
2. Азаматтардың кейбір санаттарына газетке жазылуға берілетін көмек жүзеге асыратын жұмысшы органы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Мұфтах