Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы N 321 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 қаңтарда N 2068 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 16 қазандағы № 284 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 16.10.2017 № 284 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2 тармағы 10-1) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 36-бабына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 128-ө өкіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаcы бекітілсін (қоса беріледі).

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов
      Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Оспанов
      Облыс әкімі аппаратының басшысы Б. Жылқышиев
      Облыс әкімінің орынбасары Е. Айтаханов
      Облыс әкімінің орынбасары Б. Әлиев
      Облыс әкімінің орынбасары Ә. Бектаев
      Облыс әкімінің орынбасары С. Қаныбеков
      Облыстық экономика және
      бюджеттік жоспарлау
      басқармасының бастығы Е. Садыр
      Облыстық қаржы
      басқармасының бастығы Р.Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің "8" желтоқсандағы
2011 жылғы № 321 қаулысымен бекітілген

Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық
жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптiк кешен (бұдан әрі – ОҚО АӨК) саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына (әрі қарай – Заң) сәйкес әзірленді және ОҚО АӨК саласында инновациялық жобаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен енгізу мен тарату және ОҚО АӨК зияткерлік меншік объектілерін енгізу мен тарату бойынша қабылданған шаралар туралы есеп беру үшін оларды іріктеуді ұйымдастырудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ОҚО АӨК инновациялық тәжірибені әзірлеу, тарату және енгізу бойынша бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету жөніндегі функциялар жүктелген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы;

      2) өтінім беруші (лер) – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін инновациялық жобаны ОҚО АӨК енгізу мен таратуға арналған, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралары бар өтінімді беруші, Қазақстан Республикасының аумағындағы АӨК ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет субъектісі;

      3) АӨК субъектілері – ОҚО АӨК өз қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      4) өтінім – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына берілетін, осы Қағидаға қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандағы құжаттар пакеті;

      5) ғылыми ұйымдар (ҒҰ) – ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тіркелген, негізгі қызметі АӨК ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғалар;

      6) инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар – жергілікті бюджет қаражаты есебінен ОҚО АӨК инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар.

2-тарау. Инновациялық жобаларды іріктеудің тәртібі мен шарттары

1. Инновациялық жобаларды іріктеудің тәртібі

      3. ОҚО АӨК саласында инновациялық жобаларды іріктеуді (бұдан әрі–инновациялық жобаларды іріктеу) конкурстық негізде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүргізеді.

      4. Инновациялық жобаларды іріктеуге құжаттар берудің және конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізудің мерзімдерін жыл сайын облыстық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгілейді.

      5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі конкурс өткізу басталмас бұрын 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ресми сайтында тиісті хабарландыру жариялайды.

      6. Инновациялық жобаларды іріктеу рәсімі төрт кезеңде жүргізіледі:

      бірінші кезең: өтінімдердің толықтығы мен рәсімделу сапасын, осы Қағиданың талаптарына сәйкестігін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қарауы;

      екінші кезең: бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына өтінімдердің сәйкестігі негізінде олар бойынша кешенді қорытынды дайындауы;

      үшінші кезең: жергілікті атқарушы органның мүдделі мемлекеттік органдарының, ғылымның, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы құрамы мен ережесін бекітетін Инновациялық жобаларды іріктеу комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) өтінімдерді қарауы және кешенді қорытындысы;

      төртінші кезең: бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Комиссияның қорытындысы бойынша инновациялық жобаны қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдауы.

      7. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші (лер) мынадай құжаттарды беруі қажет:

      1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінім нысанын;

      2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын;

      3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазбаны;

      4) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасын;

      5) заңды тұлғалар үшін:

      жарғысының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

      соңғы екі жылдың қаржылық есептілігінің көшірмесін;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, өтінім берілген күннің алдындағы үш айдан артық уақытта салық төлеуші ретінде салықтық берешектері және жинақтаушы зейнетақы қорларына берешектері бар немесе жоқ екендігі туралы, бірінші басшының немесе қол қоюға құқылы адамның қолы қойылған және салық органының мөрі басылған, салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;

      өтінім берушінің өзінің ғылыми-техникалық және материалдық-өндірістік базасын (болған жағдайда) ОҚО АӨК саласындағы инновациялық жобаларды енгізуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін беретіні туралы міндеттемелерін растайтын құжаттарды (лицензиялар, патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар).

      6) жеке тұлғалар үшін:

      жеке куәлігінің, әлеуметтік жеке код берілгенін растайтын куәліктің, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

      салық төлеуші ретінде салықтық берешектері бар немесе жоқ екендігі туралы, салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;

      аграрлық сипаттағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға өтінім берушінің біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін;

      өтінім берушінің өзінің ғылыми-техникалық және материалдық-өндірістік базасын (болған жағдайда) инновациялық жобаны енгізуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін беретіні туралы міндеттемелерін растайтын құжаттарды (лицензиялар, патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар).

      8. Инновациялық жобаларды енгізу және тарату үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші (лер) ұсынған материалдар осы Қағиданың және оған қосымшалардың талаптарына түгелдей сәйкестендіріліп бірыңғай папкаларға құрастырылуы, парақтары нөмірленіп ресімделуі тиіс.

      9. Өтінім беруші өзі берген құжаттардың, бастапқы деректердің, есептесулердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді. Өтінім берушінің толық емес немесе жалған ақпарат ұсынуы өтінімді қабылдамауға негіз болып табылады.

      10. Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталған соң, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 30 жұмыс күні ішінде өтінімдердің осы Қағида талаптарына сәйкестігі тұрғысынан іріктеу жүргізеді.

      11. Өтінімдер осы Қағиданың талаптарына сәйкес емес екендігі анықталған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бұл туралы 10 жұмыс күні ішінде өтінім беруші(лер)ге ақпарат береді. Өтінім беруші (лер) анықталған сәйкессіздіктерді бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жазбаша хабарды жолдаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жояды, олай болмаған жағдайда өтінім қабылданбайды. Анықталған сәйкессіздіктер жойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі пысықталған өтінімдерді қарайды.

      Өтінім қабылданбаған жағдайда, ұсынылған құжаттар өтінім берушіге қайтарылады.

      12. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаларды іріктеудің бірінші кезеңінен өткен, осы Қағиданың талаптарына сәйкес келетін өтінімдер бойынша, олардың инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына сәйкестігі негізінде кешенді қорытынды дайындайды.

      13. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жоба (лар) өтінімдері бойынша кешенді қорытынды шығарғанда инновациялық жобаларды іріктеудің мынадай талаптарын негізге алады:

      1) өтінім беруші (лер) ұсынған материалдардың осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі;

      2) жобаның инновациялық бағыттылығы, оны іске асырудың техникалық тұрғыдағы мүмкіндігі, ОҚО аумағындағы АӨК енгізуге және таратуға дайындығының деңгейі;

      3) маңыздылығы, ОҚО АӨК және Қазақстан Республикасын дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі;

      4) инновациялық жобаның қаражатын игеру және ОҚО АӨК перспективасы тұрғысынан нақты зерделенген пайымдауының болуы;

      5) инновациялық жобаларды орындау үшін қажетті құрал-жабдықтардың, инфрақұрылым мен ресурстардың болуы;

      6) инновациялық жобаның бәсекеге қабілеттілігі;

      7) инновациялық жобаның экономикалық тұрғыдан қисындылығы.

      14. Өтінімдерді және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кешенді қорытындысын Комиссияның қарауы осы Қағидаға сәйкес жүргізіледі.

      15. Материалдарды қараудың қорытындылары бойынша Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген бюджеттік бағдарлама шеңберінде инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы өзінің ұсынымдарын шығарады.

      16. Инновациялық жобаны қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы Комиссияның ұсынымдары Комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделеді және Комиссияның төрағасы қол қояды.

      17. Комиссияның ұсынымының негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген бюджеттік бағдарлама шеңберінде инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

      18. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде, ол осы Қағидаға 7-қосымшадағы, инновациялық жоба туралы үлгі келісімшартқа сәйкес, өзі мен конкурс қорытындылары бойынша анықталған өтінім беруші (лер) арасында келісімшарт жасасады.

      19. Инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға бөлінген қаражаттың арнайы мақсатқа және белгіленген тәртіппен бекітілген шығыстар сметасына толық сәйкес пайдаланылуы инновациялық жоба туралы келісімшарттың міндетті талабы болып табылады. Инновациялық жобаның пайдаланылмаған қаражаты жергілікті бюджетке қайтаруға жатады.

      Инновациялық жобаны қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты шығыстар сметасында көзделмеген мақсаттарға жұмсалған жағдайда толығымен жергілікті бюджетке қайтаруға жатады.

2. Инновациялық жобаларды іріктеудің шарттары

      20. ОҚО АӨК инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру мыналарға:

      1) АӨК саласындағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) ОҚО жағдайына бейімдеп енгізуге және таратуға;

      2) инновациялық агротехнологияларды ОҚО табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына бейімдеп АӨК субъектілеріне енгізуге және таратуға беріледі.

      21. ОҚО АӨК саласындағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізуде мынадай жұмыс түрлері қамтылуы мүмкін:

      1) ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің технологиялық процестерін енгізу және тарату;

      2) ОҚО АӨК инженерлік объектінің немесе техникалық жүйенің конструкцияларын енгізу және көбейту (конструкторлық жұмыстар);

      3) ғылыми және инновациялық технологиялардың тәжірибелік үлгілерін (жаңадан жасалған қағидаттық өзгешеліктері бар бірегей модельдерді) енгізу және тарату;

      4) селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату;

      5) ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру арқылы тауар өндірушілердің әлеуетін арттыру.

      22. ОҚО АӨК саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізуге және (немесе) АӨК субъектілеріне инновациялық технологияларды енгізуге және таратуға арналған инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен қаражат беру бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кешенді қорытындысының нәтижелері мен Комиссияның ұсынымы бойынша беріледі.

      23. ОҚО АӨК инновациялық жобаның іс-шараларын орындауға арналған жергілікті бюджет қаражатын өтінім берушінің (лердің) игеру нәтижесі мыналар болып табылады:

      1) ОҚО АӨК субъектілерінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің технологиялық процестерін жетілдіруді ұйымдастыру;

      2) ОҚО АӨК субъектілерінде қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелерді енгізу және тарату туралы есеп;

      3) ОҚО АӨК субъектілерінде селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату туралы есеп;

      4) ОҚО АӨК субъектілерінде өндіруге ұсынылатын ауыл шаруашылығы өнімінің тәжірибелік үлгілерін енгізу туралы есеп;

      5) ОҚО АӨК субъектілерінде ұсынылатын ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге арналған технологиялық (конструкторлық) құжаттама мен құрал-жабдықтарды беру туралы есеп;

      6) ОҚО АӨК субъектілеріне нақты инновациялық жобаларды енгізу және тарату жөніндегі облыстық кеңес (семинарлар, егістік күндерін) өткізу туралы есеп.

      24. ОҚО АӨК инновациялық жобаларды енгізу және тарату нәтижелерін бағалау мыналарды қамтиды:

      1) инновациялық жобаларды енгізу және тарату нәтижелерінің сан мен сапа тұрғысындағы көрсеткіштері өтінім берушінің және аудан (облыс) экономикасында еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыруға ықпалын бағалауды және нақты айқын нәтижелерді қамтуы тиіс;

      2) бұрынғы қолданылып келген технологиялармен салыстырғанда, инновациялық жобаларды енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асырудан ОҚО АӨК субъектісі және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін экономикалық тиімділік;

      3) инновациялық жобаларды енгізу нәтижелерін ОҚО АӨК дамуына, аграрлық нарықтағы ахуалға байланысты экономикалық талдау;

      4) енгізуден технологиялық қатер болуды мейлінше азайту және АӨК нақты субъектісінің жағдайында енгізу процестерін ғалымдардың жеке қолдауы арқылы жобаның іс-шараларын тиімді іске асырудан мейлінше мол табыс алу.

      25. ОҚО АӨК инновациялық жобаларды енгізу және тарату жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:

      1) ҒЗТКЖ нәтижелерін өндіріске енгізуді ғылыми-әдістемелік қолдау жөніндегі консультациялық қызметтер көрсету, сонымен бірге ғылыми шығыстар материалдарын сатып алу;

      2) зертханалық талдаулар жүргізу, сонымен бірге, енгізудің нәтижелері бойынша;

      3) АӨК субъектілерінің өндірістік немесе ғылыми және тәжірибелік және өзге де аграрлық сала ұйымдары базасында инновациялық жобаларды енгізу және тарату жөніндегі ғылыми-практикалық семинар-кеңестер (егістік күндерін) өткізу;

      4) ҒЗТКЖ тәжірибесін және алынған нәтижелерін тарату (тұсау кесер, мақала, брошюра, буклет, бейне материал).

      26. ОҚО АӨК инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаражаттандыру, өзге де тең жағдайларда, ОҚО табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына байланысты АӨК субъектілерінде аграрлық саладағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді), инновациялық агротехнологияларды одан әрі енгізу және тарату мақсатында, аграрлық саланың ғылыми-техникалық және инновациялық бағыттарындағы жұмыстарды атқаруға персоналдың біліктілігін растайтын, нотариалдық куәландырылған лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері бар тіркеуден өткен ғылыми ұйымдарға беріледі.

      27. АӨК субъектілерінде аграрлық саладағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) және инновациялық агротехнологияларды енгізу және тарату жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты игеру және оның сомасы нақты инновациялық жобаның өзгешеліктеріне сәйкес айқындалады, алайда мыналардан артық емес:

      мерзімі бойынша - 24 (жиырма төрт) ай;

      сомасы бойынша – 30 ( отыз ) миллион теңге.

      28. Инновациялық жоба туралы келісімшартта анықталған мерзімде, сол технологияларды енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне кезеңдік есеп бере отырып, ОҚО АӨК субъектісінің кәсіпорындарында инновациялық технологияларды енгізуді және таратуды көздейтін инновациялық жоба жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді.

      29. ОҚО АӨК субъектілеріне аграрлық саладағы инновациялық технологияларды енгізуді және таратуды көздейтін инновациялық жоба жөніндегі іс-шараларға арнап жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді.

      30. Аграрлық саладағы инновациялық технологияларды енгізуге және таратуға арналған инновациялық жоба жөніндегі іс-шараларға бюджеттен қаражат бөлуге технологияларды қолдану үшін объективтік қажеттілік және іріктеп алынған инновациялық технологияның бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан артықшылықтары негіз бола алады.

3-тарау. Инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша қабылданған шаралар туралы есеп берудің тәртібі

1. Инновациялық жобаларды іске асырудың мониторингі және бақылау

      31. Қаражаттың мақсатқа сәйкес жұмсалуын тиімді бақылау мақсатында бюджеттік бағдарламаның әкімшісі осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысанда өтінім иесі берген аралық есептерге сәйкес іс-шаралардың іске асырылуына тұрақты мониторинг жүргізіп отырады.

      32. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі іс-шараларды іске асыру жөніндегі бүкіл құжаттаманың жасалынған келісім-шарттың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Растайтын ақпарат келісім-шарттың талаптарына сәйкес емес екені анықталған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мұндай ақпарат келіп түскен күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде қосымша ақпарат беру қажет екендігін немесе анықталған сәйкессіздіктердің жойылуы қажет екендігін өтінім берушілерге хабарлайды.

      33. Жұмсалған шығыстардың инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен жобаның бюджетіне сәйкестігін тексеру мақсатына жобаны орындау барысында, қажет болған жағдайда, жергілікті атқарушы органның мүдделі уәкілетті органдарын қатыстыра отырып бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ағымдағы қаржылық мониторингті жүзеге асырып, мыналарды қамтиды:

      1) өтінім берушілер инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың барысы туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне есептер беру, сонымен бірге, бөлінген қаражаттың пайдаланылуы және қол жеткізілген нәтижелер туралы есептің де қамтылуы;

      2) инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде атқарылған жұмыстарды ай сайын немесе тоқсан сайын актілеу;

      3) растайтын ақпарат келісім-шарттың талаптарына сәйкес болмаған немесе инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары белгіленген мерзімдерде орындалмаған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қосымша іс-шаралар жүргізу немесе қосымша ақпарат беру туралы өтінім берушілерге ақпарат жолдауы.

      34. Өтінім беруші, қажет болғанда, инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу үшін Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру жүзеге асырылатын объектілерге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдерінің қол жеткізуін, сондай-ақ олардың ресми сұрау салуы бойынша инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар процесіне қатысты қажетті ақпараттың бәрін беруге міндетті.

2. Нәтижелерді бағалау және қабылдау

      35. Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың нәтижелерін аралық бағалау Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес орындалған жұмыстардың аралық актілеріне қол қою арқылы жүзеге асырылады. Орындалған жұмыстардың аралық актілеріне жұмыстардың орындалғанын және қол жеткен нәтижелерді растайтын қажетті материалдар қоса беріледі.

      36. Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың нәтижелерін қорытынды бағалау іске асыру аяқталғаннан кейін жүргізіледі және мыналарды қамтиды:

      1) іске асырылған іс-шаралардың барлығының нақты сипаттамасын, сондай-ақ енгізіліп отырған ғылыми әзірлеменің тиімділігін арттыру және жинақталған тәжірибені одан әрі тарату жөніндегі ұсыныстарды қамти отырып, қорытынды есеп беру;

      2) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілгенін, қаражаттың мақсатқа сәйкес және тиімді пайдаланылғаны пайымдалған, қаражат бөлу жөніндегі Комиссияның қорытынды есебін бағалау;

      3) бағдарлама іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмыстардың орындалғаны жөніндегі қорытынды актіге қол қою.

      37. Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін инновациялық жобаларға қатысқан өтінім берушілер үш дана етіп жасайды және оны бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекітеді.

      38. Өтінім берушілер бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне келісім-шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысанда аралық және қорытынды есеп береді.

      39. Келісім-шартта көзделген іс-шаралардың бәрі орындалғаннан кейін қорытынды есеп беріледі.

      40. Барлық есептер қағазда және электронды нұсқада беріледі.

      41. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өтінім берушінің есептерін қарау мерзімі есеп берілген сәттен бастап 15 күннен аспауы, ал қорытынды есепті қарау мерзімі - 1 айдан аспауы тиіс.

  ОҚО АӨК cаласында
инновациялық жобаларды
іріктеуді ұйымдастыру
қағидасына 1-қосымша

Өтінім нысаны

1.

Тіркелген күні және тіркеу нөмірі (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметкерлері толтырады)


2.

Инновациялық жобаның атауы


3.

ОҚО АӨК инновациялық жоба енгізіліп таратылатын сала (кіші сала)


4.

Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараның қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаттарын және мәнiн, жоба нәтижелерiнiң нақты қолданылуы, осыған ұқсас жобаларды iске асыруға қатысу тәжiрибесін баяндау)


5.

Жобаның ұзақтығы (айлар бойынша)


6.

Жобаның басталған және аяқталған күндері


7.

Сұратылған қаражаттың сомасы (теңге)


8.

Өтінім берушінің(лердің) атауы, мекен-жайы, телефон/факсы, электрондық поштасы


9.

Өтінім берушілердің байланыс жасаушы тұлғаларының аты-жөні, мекен-жайы, телефоны, электрондық поштасы


10.

Инновациялық жобаның жетекшісі (ғылыми-зерттеу ұйымының қызметкері) (аты-жөні, лауазымы, телефон/факс, электрондық поштасы көрсетіледі)


11.

Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларға қатысатын АӨК субъектілерінің атауы, мекен-жайы, телефон/факс, электрондық поштасы


 
  ОҚО АӨК саласында
инновациялық жобаларды
іріктеуді ұйымдастыру
қағидасына 2 - қосымша

Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (атауын көрсету)

Жұмыс түрлері

Күтілетін нәтижелер (1 жыл)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1.





2.





Жұмыс түрлері

Күтілетін нәтижелер (2 жыл)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1.





2.





 
  ОҚО АӨК саласында
инновациялық жобаларды
іріктеуді ұйымдастыру
қағидасына 3 - қосымша

Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына
түсіндірме жазба

      1. Инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шараның атауы.

      2. Іс-шараны iске асыру орны: аудан, елдi мекен.

      3. Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының мақсаттары мен міндеттері (1 беттен артық емес).

      4. Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қатысушы негiзгi мәлiмдеушiнiң (ғылыми зерттеу ұйымының) және АӨК субъектілерiнің қысқаша сипаттамасы (1 беттен артық емес):

      1) толық атауы;

      2) инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қатысушы негiзгi мәлiмдеушiнiң және қатысушы АӨК субъектілер қызметінің сипаттамасы;

      3) басты мамандар және олардың атқаратын жұмыс түрлері (түйіндемесі және бiлiктiлiгін растайтын құжаттары қоса берілуі қажет);

      4) осы бағдарлама шеңберiнде басқа жобалардың iске асырылуы туралы ақпарат.

      АӨК субъектісінен өтініш жеке тұлға ретінде берілген жағдайда оның білімі, жасы, қызметінің негізгі түрі және жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат көрсетілуі қажет.

      5. Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының негіздемесі: өндiрiстің осы сегментіндегі проблеманы, іс-шара қай мәселенің шешiмiне бағытталғанын көрсету. Іс-шараны іске асырудың маңызы мен қажеттiлiгi, ОҚО АӨК технологиялық даму деңгейіне және еңбек өнiмдiлiгіне ықпалының сипаттамасы (0,5 беттен артық емес).

      6. Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын iске асыру шеңберінде атқарылатын негiзгi жұмыстардың сипаттамасы: қандай жұмыстар атқарылады; өндiрiсте қолдану үшін, жобаны орындау барысында сынақтан өткізіп көрсету үшін ұсынылатын нақты шешімдер және технологиялар, нақты шаруашылық, аудан мен облыс экономикасы үшiн практикалық мәнін бағалау. Әр жұмыстың мақсатын, мазмұнын, ұзақтығын, күтiлетiн нәтижелерін, ресурстардың қажеттiлігін көрсету қажет, сонымен бірге Бағдарламаның іс-шараларын iске асыруға қатысатын АӨК субъектiсінiң базасында ғылыми әзірлемелерді (технологияларды) енгiзу және тарату жөніндегі ҒЗҰ әдiснамасын көрсету (2 беттен артық емес).

      7. Нәтижелiлiк: инновациялық жобаларды iске асыру нәтижелерінің сан мен сапа тұрғысынан көрсеткіштері. Өтінім берушінің еңбек өнiмдiлiгін және ауданның (облыстың) экономикасын жақсартуға еткен ықпалын бағалай отырып нақты, айқын нәтижелер қамтылуы тиiс.

      Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырудың экономикалық пайдаларын бұрын қолданылған технологиялармен салыстырып көрсете отырып, ОҚО АӨК дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан іс-шараның қисындылығын негіздеу (1 беттен артық емес).

      8. Экологиялық бағалау ұсынылып отырған технологиялардың қоршаған ортаға және ОҚО табиғат қорларына ықпалын сипаттауды да қамтуы тиіс (игі ықпал, ықпалсыз немесе кері ықпал). Кері ықпал еткен жағдайда мұндай ықпалдың зардабын азайту үшiн не iстелетінін көрсету қажет (0,5 беттен артық емес).

      9. Тәуекелдер: Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын табыспен аяқтаудағы негізгі тәуекелдер және сол тәуекелдерден өту жөніндегі шаралар (0,5 беттен артық емес).

      10. Жобаның ықпалдылығы: инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шараларға қатысушы АӨК субъектілер өндiрiсiнің қаржыландыру аяқталғаннан кейiнгі орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларды сипаттау қажет (0,5 беттен артық емес).

  ОҚО АӨК саласында
инновациялық жобаларды
іріктеуді ұйымдастыру
қағидасына 4-қосымша

Инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасы (атауын көрсету)

      мың теңге

Шығыстардың баптары

Өлшем бірлігі

Бағасы

Құны

соның ішінде айлар бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Еңбекақы
















1)

















2)

















2.

Іссапар шығыстары
















1)

















2)

















3.

Тікелей шығындар
















1)

















2)

















4.

Қосымша шығындар
















Барлығы:

















      Ескертпе: инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасы инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың әрбір жылына бөлек көрсетіледі.

      Ескертпе: шығыстардың баптары бюджет қаражатынан қаржыландырылатын және өтінім берушілердің өз қаражатынан (болған жағдайда) жұмсалған шығыстар бөлек көрсетіледі.

  ОҚО АӨК саласында
инновациялық жобаларды
іріктеуді ұйымдастыру
қағидасына 5-қосымша

Аралық және қорытынды есептің нысаны

Есеп беру күні

Өтінім берушінің атауы

Келісім-шартының нөмірі мен күні

Қаржыландырудың мақсаты

Қаржыландырудың сомасы

Есептілік кезеңі

Қол жеткізілген нәтижелер

Қорғау құжатының атауы (бар болған жағдайда)

Қорғау құжатының берілген күні мен нөмірі (бар болған жағдайда)


Инновациялық жобаны енгізу бойынша қол жеткізілген нәтижелер:

Әріптестің атауы

Келісім - шарттың атауы

Келісім - шарттың нөмірі және күні

Келісім - шарттың сомасы

Келісім - шарттың мерзімі

Ақы төлеу шарттары









Инновациялық жобаның нәтижелерін одан әрі тарату жөніндегі іс-шаралар:

Әлеуетті әріптестің атауы

Іс-шара

Болжамды шығыстар сомасы

Келісім-шарт жасасудың болжамды мерзімдері












Инновациялық жобаның нәтижелерін енгізуінің нақты нысаны мен көлемдері:

Енгізу нысаны

Енгізу көлемдері\мың теңге

1-жыл

2-жыл

3-жыл

1

Ауыл шаруашылығы өнімдердің жаңа өндірісін ұйымдастыру және/немесе жаңа түрлерін енгізу;




2

Жаңа агротехнологияны және/немесе жаңадан көрсетілетін қызметтер енгізуді ұйымдастыру;




3

Жаңа технологиялық жабдықтарды ұйымдастыру;




4

Агротехнологияларды енгізудің басқа да нысандары.





      Ескертпе: аралық және қорытынды есептің нысаны қаржыландырудың ерекшеліктеріне байланысты толтырылады.

  ОҚО АӨК саласында
инновациялық жобаларды
іріктеуді ұйымдастыру
қағидасына 6-қосымша

20_ жылғы "_" ______ № ___ келісім-шарт бойынша берілген нысаналы бюджеттік қаражаттың пайдаланылуы туралы қаржылық есеп

Смета бойынша шығыстар баптарының атауы

Смета бойынша бюджеттік қаражаттың сомасы

Жұмсалған сома

Қаражат қалдығы

Растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7








Жиыны:







      Ескертпе: мақсатты пайдаланылғанын растайтын құжаттардың көшірмесі қоса берілуі қажет.

      Өтінім беруші _______________________ _________________________ (қолы) (аты-жөні)

      М.О.

      Ескертпе: нысаналы бюджеттік қаражаттың пайдаланылуы туралы қаржылық есеп ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасына жыл сайын инновациялық жобаны іске асыру мерзімі ішінде беріледі.

  ОҚО АӨК саласында
инновациялық жобаларды
іріктеуді ұйымдастыру
қағидасына 7-қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласында инновациялық жобаны енгізу және тарату жөніндегі үлгі келісім-шарт

      № ____ "_____" ___________ 20__ж.

      __________________________________________ атынан, бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын, ереженің негізінде әрекет ететін, _____________________________________________________________________(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

      бір тараптан, және бұдан әрі Орындаушы деп аталатын,

      _____________________________________________________________________ (Орындаушы - конкурс жеңімпазының толық атауы)

      атынан, жарғының негiзiнде әрекет ететін

      _____________________________________________________________________ (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

      екінші тараптан, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының 20____ жылғы "__" _______ №____ шешiмiмен және комиссия отырысының 20____ жылғы "__" _______ №____ хаттамасын негiзге ала отырып, инновациялық жобаны тарату және енгiзу бойынша осы Келiсiм-шартты жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Келісім-шарттың мәні

      1. 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу" деген бюджеттік бағдарлама бойынша "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша атқарылатын жұмыстарды Тапсырыс берушi мiндеттейдi, ал Орындаушы өзiне қабылдайды.

      Бағдарлама атауы:

      Бағыты:

      Тақырыбы:

      2. Орындаушы _________________________________________________ __________________________________________________________инновациялық жобаны тарату және енгізу бойынша мынадай шаруашылықтардың өндiрiстiк жағдайлардында қызмет көрсетуді өз мiндеті ретінде қабылдайды:

      1) _________________________________________________________

      2) _________________________________________________________

      3) _________________________________________________________

      "______________________________________________" ЖШС әзірлеген және осы келісім-шарттың ажырамас бөлігі болып саналатын_____________________ _____________________________________________инновациялық жобаға сәйкес.

      3. 20__ жыл iшiнде Орындаушының қызметтер көрсету мерзiмі.

      4. Төменде көрсетілген құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы Келісім-шарт;

      2) осы Келісім-шарттың 2-бөлімінде баяндалған инновациялық жобаның сипаттамасы (техникалық ерекшелік);

      3) көрсетілген қызметтердің қабылдау-тапсыру актісі (осы Келісім-шартқа 1-қосымша).

      5. Көрсетілетін қызмет тапсырыс берушi мен орындаушының арасында қабылдау-тапсыру актісне қол қойылғаннан кейiн аяқталған болып есептеледi.

2. Біліктілік сипаттары мен экономикалық көрсеткіштер бойынша инновациялық жобаның сипаттамасы

      6. Жұмыстың бағыты.

      7. Ғылыми-техникалық деңгейі (жаңалық).

      8. ОҚО АӨК қолданылатын саласы.

      9. Енгiзу мен таратудың нақты соңғы нәтижесі.

      10. Енгiзу мен таратудың экономикалық тиімділігі.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      11. Орындаушы міндетті:

      1)_______________________________________________________________________инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға сәйкес тиісінше сапалы қызметтер көрсетуге;

      2) осы Келісім-шарттың 3-тармағында көрсетілген мерзімде қызметті толық көлемде көрсетуге;

      3) егер қызмет көрсету барысында Орындаушы осы Келiсiм-шарттың талаптарынан ауытқыса, барлық айқындалған кемшiлiктерді Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша тегiн түзетуге;

      4) Орындаушы осы Келісім-шарттың 3-тармағында көрсетілген мерзімге дейін iстелiнген жұмыстар туралы толық қорытынды есептер беруі тиіс.

      12. Тапсырыс беруші құқылы:

      1) Орындаушы атқаратын жұмыстың барысы мен сапасын оның қызметiне араласпай тексеруге;

      2) істеген жұмыстардың актісіне қол қойылғанға дейін Тапсырыс берушінің Келiсiм-шартты орындаудан бас тартуы туралы жазбаша хабарламаны алғанға дейін Орындаушы көрсеткен қызметтердің бір бөлігіне тең белгіленген бағаны төлей отырып, кез келген уақытта Келiсiм-шартты орындаудан бас тартуға.

4. Келісім-шарттың жалпы сомасы және еңбекақы төлеу шарттары

      13. Келісім-шарттың жалпы сомасы барлық салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді ескере отырып, қызметтер көрсетуге байланысты бүкіл шығындардың құнын қоса есептегенде _____________ теңге (жазбаша).

      14. Тапсырыс беруші, Орындаушының көрсеткен қызметтеріне мынадай тәртіппен еңбек ақы төлейді:

      1) осы Келісім-шарт қазынашылық органдарында тіркелген сәттен бастап 5 банктік күн ішінде, Тапсырыс беруші Келісім-шарт сомасының 30 пайызы көлеміндегі соманы алдын ала төлейді;

      2) бұдан кейінгі еңбекақы төлеу нақты көрсетілген қызметтер бойынша, Орындаушы көрсеткен қызметтерге шот-фактура мен қабылдау-тапсыру актісін бергеннен кейін, аванс толық өтелгенде, ай сайын жүргізіледі.

      15. Қаржыландыру көзі: _____________ облысының жергілікті бюджеті.

      Орындаушы және қосымша орындаушылар өздерінде тиісті бухгалтерлік есеп жүргізуді және орындалған жұмыстың кезеңдері бойынша нақты құнына талдау жасауға міндетті.

5. Жұмысты тапсыру және қабылдау тәртібі

      17. ОҚО АӨК саласында инновациялық жобаларды іріктеу қағидасына сәйкес, ғылыми-техникалық және Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындаудың кезеңдерінде Орындаушы рәсімдеп беруге тиісті болған өзге де құжаттаманы бере отырып, Тапсырыс берушіге инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша орындалған жұмыстары туралы тоқсан сайын аралық есеп беруге міндетті.

      18. Орындаушы Тапсырыс берушіге инновациялық жобаны тарату және енгізу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы жылдық қорытынды есепті осы Келісім-шарт орындалып біткеннен кейін ___________ жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей беруге міндетті.

      19. Орындаушы Тапсырыс берушіге ___________ жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей орындалған жұмыстардың актісін береді.

      20. Жұмыстар мерзімінен бұрын орындалған жағдайда, Тапсырыс беруші мерзімінен бұрын жұмыстарды қабылдауға және еңбекақы төлеуге құқылы.

      21. Егер жұмысты орындау барысында кері нәтиже алынатындығы немесе жұмыстарды бұдан әрі жүргізуді жалғастыру қисынсыз екені анықталса, Орындаушы жұмысты тоқтатқаннан кейін 5 күн мерзім ішінде Тапсырыс берушіге хабарлап, жұмысты тоқтатуға міндетті.

      Мұндай жағдайда тараптар жұмысты жүргізуді жалғастыра берудің қисындылығы мен бағыттары туралы мәселені талқылап қарауға міндетті.

6. Екіжақты жауапкершілік

      22. Шартта көзделген міндеттер орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен тәртіпке сәйкес жауапкершілікте болады.

      23. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Орындаушының ұсынған қызметтеріне байланысты Келісім-шартқа ешқандай толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді.

      24. Белгіленген уақытта жұмыс орындалмаған жағдайда Орындаушы бюджетке мерзімінен кешіктірілген әрбір жұмыс күні үшін Келісім-шарттың жалпы сомасының 0,03 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

7. Дауларды шешу тәртібі

      25. Орындаушының тарапынан осы Келісім-шартта көзделмеген жағдайда тәртіп бұзылғаны анықталса осы Келісімшарт кез келген кезеңінде бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, осындай негізбен осы Келісім-шарттың бұзылуына байланысты шығындарды өтеуді Тапсырыс берушіден талап етуге Орындаушы құқылы емес.

      26. Тапсырыс беруші мен Орындаушы Келісім-шарт бойынша немесе оған байланысты барлық келіспеушілік пен дауларды тікелей келіссөздер жүргізу барысында шешу үшін барлық күш-қайратын жұмсауы тиіс.

      27. Егер осындай келіссөздер жүргізу басталған күннен кейін 21 күн ішінде тараптар Келісім-шарт жөніндегі өзара дауды шеше алмаса, тараптардың әрқайсысы бұл мәселенің шешілуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етуге құқылы.

8. Өзге де жағдайлар

      28. Келісім-шарт мемлекеттік және / немесе орыс тілінде жасалады.

      29. Осы Келісім-шарт үш дана болып жасалды. Үш дананың өзара айырмашылығы жоқ және күші де бірдей.

      30. Келісім-шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа қандай да бір мәлімдемені хат, жеделхат, телекс немесе факс арқылы жолдайды, кейін түпнұсқасы беріледі.

      31. Өтінім беруші Келісім-шартта көзделген мерзімде қызметтерді ұсына алмаса, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Келісім-шарт шеңберіндегі өзінің құқығына нұқсан келтірместен мерзімнен тыс әрбір күн үшін Келісім-шарт құнының 0,1 пайызы көлемінде тұрақсыздық айыбының қосымша сомасы ретінде Келісім-шарт бағасынан ұстап қала алады.

      32. Егер Келісім-шартты орындаудың кешеуілдетілуі форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан болса, оның талаптарының орындалмағаны үшін Өтінім беруші тұрақсыздық айыбының төленуі немесе Келісім-шарттың бұзылуы үшін жауапты болмайды.

      33. Осы Келісім-шарттың мақсаттарына арналған "форс-мажор" деген сөздер Орындаушы тарапынан бақылау мүмкіндігінен айырған, алдын-ала болжауға болмайтын және Орындаушының қателігіне немесе салдыр-салақтығына қатысы жоқ сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар соғыс жағдайы, табиғаттағы және стихиялық апаттар, оба, карантин және қызметтерді көрсетуге эмбаргоны қамтуы мүмкін, алайда барлық жағдайлар мұндайлармен де шектелмейді.

      34. Форс-мажорлық жағдайға тап болған Орындаушы оның себебі мен жалпы сипатын баяндап, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Егер бюджеттік бағдарламаның әкімшісінен басқадай жазбаша нұсқаулық келмесе, Өтінім беруші Келісім-шарт бойынша өз міндеттемесін атқаруды мүмкіндікке қарай одан әрі жалғастырады және Келісім-шартты орындаудың форс-мажорлық жағдайға қатысы жоқ тиімді жолдарын іздестіреді.

9. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері

 Тапсырысшы:
________________
(қолы)
М.О.

Орындаушы:
________________
(қолы)
М.О.

  Келісім-шартқа
1-қосымша

      № __ _____________20_ ж.

      20___ "____" __________ №______ келісім-шарт бойынша көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру актісі
      №_______ 20___ "____" __________
      Біз, төменде қол қоюшылар, _______________________________ негізге алып Тапсырыс берушінің атынан әрекет етуші, __________________________ бір тараптан және ___________________________________________________ атынан, Жарғыны негізге алып әрекет етуші бірінші басшысы ________________________
      _____________________________________________________________________екінші тараптан, 20___ "____" __________ №______ Келісім-шартқа сәйкес 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу" деген бюджеттік бағдарлама бойынша, Тапсырыс беруші мынадай көрсетілген қызметтерді қабылдады:
      1)
      2)
      3)
      Көрсетілген қызметтердің құны
      ____________________________________________________________________
      Сома санмен және жазбаша, валюта атауы.
      Барлық салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді қоса.
      Жұмыстар (көрсетілген қызметтер) сапалы орындалған, Келісім-шарттың талаптарын қанағаттандырады. Тараптардың өзара наразылығы жоқ.
      Тегі, аты-жөні _______________ Тегі, аты-жөні_____________
      Мөр орны Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады