Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы

Жаңартылған

Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 16 қазандағы № 284 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 25 қазанда № 4242 болып тiркелдi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 13.02.2020 № 27 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2 тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында енгізілетін және таратылатын инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидаcы осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 13.02.2020 № 27 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 321 "Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаcын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2068 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 қаңтарда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Қ. Бөкенбаев
      Б.С.Жамалов
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      А.С.Сәбитов

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2017 жылғы "16" қазандағы
№ 284 қаулысына қосымша

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасы.

      Ескерту. Қосымшада "Оңтүстік Қазақстан облысы" деген сөздер "Түркістан облысы" деген сөздермен ауыстырылды;
      "ОҚО" деген сөздер "ТО" деген сөздермен ауыстырылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 13.02.2020 № 27 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Түркістан облысының агроөнеркәсіптiк кешен (бұдан әрі – ТО АӨК) саласына енгізілетін және таратылатын инновациялық жобаларды іріктеу Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына (әрі қарай – Заң) сәйкес әзірленді және ТО АӨК саласында инновациялық жобаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен енгізу мен тарату және ТО АӨК зияткерлік меншік объектілерін енгізу мен тарату бойынша қабылданған шаралар туралы есеп беру үшін, іріктеу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, ТО АӨК инновациялық тәжірибені енгізу және тарату бойынша бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету жөніндегі функциялар жүктелген "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма);

      2) өтінім беруші – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін инновациялық жобаны ТО АӨК енгізу мен таратуға арналған, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралары бар тұлға, Қазақстан Республикасының аумағындағы АӨК ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет субъектісі;

      3) АӨК субъектілері – ТО АӨК өз қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      4) өтінім – бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне тапсырылатын, осы Қағиданың қосымшасына сәйкес, белгіленген нысандағы құжаттар пакеті;

      5) ғылыми ұйымдар (ҒҰ) – ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік аккредитациясы бар, негізгі қызметі АӨК-де ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғалар;

      6) инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар – жергілікті бюджет қаражаты есебінен ТО АӨК инновациялық жобаны іске асыру және тарату жөніндегі іс-шаралар.

      7) инновациялық жобаларды іріктеу комиссиясы - бюджеттік бағдарламаның әкімшісі құратын, мүдделі жергілікті атқарушы органдардың, ғылымның, бизнестің және (немесе) үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын, алқалы орган.

      8) Ғылыми зерттеулер және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі – ҒЗжТКЖ).

2-тарау. Инновациялық жобаларды іріктеудің тәртібі мен шарттары.

1-бөлім. Инновациялық жобаларды іріктеудің тәртібі.

      3. ТО АӨК саласында ендірілетін және таратылатын инновациялық жобаларды іріктеуді (бұдан әрі–инновациялық жобаларды іріктеу) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, конкурстық негізде жүргізеді.

      4. Құжаттарды ұсыну және инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстың (бұдан әрі – конкурс) өту мерзімдерін, жыл сайын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгілейді.

      5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі конкурс өткізу басталмастан, кемінде 10 күн бұрын, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және облыс әкімдігінің ресми сайтында тиісті хабарландыру жариялайды.

      6. Инновациялық жобаларды іріктеу рәсімі төрт кезеңде жүргізіледі:

      бірінші кезең: өтінімдерді қабылдау және олардың толыққандығы мен рәсімделу сапасын, осы Қағиданың талаптарына сәйкестігін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қарауы;

      екінші кезең: бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына өтінімдердің сәйкестігі негізінде, олар бойынша кешенді қорытынды дайындауы;

      үшінші кезең: құрамын бағдарламаның әкімшісі бекітетін, жергілікті атқарушы органның мүдделі мемлекеттік органдарының, ғылымның, бизнестің және (немесе) үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған инновациялық жобаларды іріктеу Комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия), өтінімдерді және кешенді қорытындыларды карауы;

      төртінші кезең: бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Комиссияның қорытындысының негізінде, инновациялық жобаны қаржыландыру (тиісті экономика және бюджеттік жоспарлау органдарымен келісіліп және бюджеттік комиссияның мақұлдауынан соң) немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдауы.

      7. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

      1) Өтінім, осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарын, осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес;

      3) Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазбаны, осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес;

      4) Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасын, осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес;

      5) заңды тұлғалар үшін:

      жарғысының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

      соңғы екі жылдың қаржылық есептілігінің көшірмесін;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, өтінім берілген күннің алдындағы үш айдан артық уақытта салық төлеуші ретінде салықтық берешектері және жинақтаушы зейнетақы қорларына берешектері бар немесе жоқ екендігі туралы, салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын (қағаз жүзіндегі анықтама ұсынылған жағдайда, салық органының бірінші басшының немесе қол қоюға құқылы адамның қолы қойылған және салық органының мөрі басылған болуы тиіс);

      өтінім берушінің өзінің ғылыми-техникалық және материалдық-өндірістік базасын ТО АӨК саласындағы инновациялық жобаларды енгізу мен таратуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін жұмылдыратындығы туралы міндеттемелерін растайтын құжаттарды (дипломдар, лицензиялар, патенттер, куәліктер, сертификаттар, келісім шарттар).

      6) жеке тұлғалар үшін:

      жеке куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

      салық төлеуші ретінде салықтық берешектері бар немесе жоқ екендігі туралы, салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын (қағаз жүзіндегі анықтама

      ұсынылған жағдайда салық органының бірінші басшының немесе қол қоюға құқылы адамның қолы қойылған және салық органының мөрі басылған болуы тиіс);

      аграрлық сипаттағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға өтінім берушінің біліктілігін растайтын дипломдардың, лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін;

      өзінің ғылыми-техникалық және материалдық базасын инновациялық жобаны енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін жұмылдыратыны туралы міндеттемелерін растайтын құжаттарды (дипломдар, лицензиялар, анықтамалар, патенттер, куәліктер, сертификаттар, келісім шарттар).

      8. Инновациялық жобаларды енгізу және тарату үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінім беруші ұсынған материалдар, осы Қағиданың және оған қосымшалардың талаптарына түгелдей сәйкестендіріліп, бірыңғай папкаларға құрастырылып, парақтары нөмірленіп, ресімделуі тиіс.

      9. Өтінім беруші өзі берген құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді. Өтінім берушінің толық емес немесе жалған ақпарат ұсынуы, өтінімді кері қайтаруға негіз болып табылады.

      10. Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталған соң, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 30 жұмыс күні ішінде, өтінімдердің осы Қағида талаптарына сәйкестігі тұрғысынан іріктеу жүргізеді.

      11. Өтінімдер осы Қағиданың талаптарына сәйкес емес екендігі анықталған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бұл туралы, құжат қабылданған күннен бастап, 10 жұмыс күні ішінде өтінім берушіні хабардар етеді. Өтінім беруші анықталған сәйкессіздіктерді бюджеттік бағдарламаның әкімшісі хабардар еткен күннен бастап 10 күн ішінде жояды, олай болмаған жағдайда өтінім кері қайтарылады. Пысықталған өтінімдер бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сәйкессіздіктері жойылған құжаттарды, қайта тапсырылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қарайды.

      Өтінім кері қайтарылған жағдайда, ұсынылған құжаттар өтінім берушіге қайтарылады.

      12. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаларды іріктеудің бірінші кезеңінен өткен, осы Қағиданың талаптарына сәйкес келетін өтінімдер бойынша, олардың инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына сәйкестігінің негізінде, кешенді қорытынды дайындайды.

      13. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әр бір өтінім бойынша кешенді қорытынды шығарғанда мынадай талаптарды негізге алады:

      1) өтінім беруші ұсынған материалдардың осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі;

      2) жобаның инновациялық бағыттылығы, техникалық тұрғыдағы іске асыру мүмкіндігі, Түркістан облысы аумағындағы АӨК енгізуге және таратуға дайындығының деңгейі;

      3) жобаның өзектілігі, ТО АӨК және Қазақстан Республикасын дамыуның басым бағыттарына сәйкестігі;

      4) инновациялық жобаның қаражатын игеру және ТО АӨК болашақтығы тұрғысынан нақты зерделенген пайымдаудың болуы;

      5) инновациялық жобаны орындау үшін қажетті құрал-жабдықтардың, инфрақұрылым мен ресурстардың болуы;

      6) инновациялық жобаның бәсекелестікке қабілеттілігі;

      7) инновациялық жобаның экономикалық тұрғыдан тиімділігі.

      14. Өтінімдермен бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кешенді қорытындыларын Комиссияның қарауы, осы Қағидаға сәйкес жүргізіледі.

      15. Материалдарды қараудың қорытындылары бойынша, Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген шеңберінде, инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы өзінің ұсынымдарын шығарады.

      16. Инновациялық жобаны қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы Комиссияның ұсынымдары, Комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделеді және Комиссияның төрағасы мен хатшысының қолдарымен расталады.

      17. Комиссия ұсынымының негізінде, басқарма (тиісті экономика және бюджеттік жоспарлау органдарымен келісілгеннен кейін және облыстық бюджеттік комиссияның шешімінен соң) инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы, немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы шешім шығарады. Шешім басқарманың тиісті бұйрығымен рәсімделеді.

      18. Инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға бөлінген қаражаттың арнайы мақсатқа және белгіленген тәртіппен бекітілген шығыстар сметасына толық сәйкес пайдалануы, инновациялық жоба туралы келісім-шарттың міндетті талабы болып табылады. Инновациялық жобаның пайдаланылмаған қаражаты жергілікті бюджетке қайтаруға жатады.

      19. Инновациялық жобаны қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты, шығыстар сметасында көзделмеген мақсаттарға жұмсалған жағдайда және осы бюджеттік бағдарлама аясында ендірілген жоба келесі 2 жылда ТО АӨК-де өзінің таралуын таппаған жағдайда, толығымен жергілікті бюджетке қайтаруға жатады.

2 бөлім. Инновациялық жобаларды іріктеудің шарттары

      20. ТО АӨК инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру мыналарға ұсынылады:

      1) АӨК саласындағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) Түркістан облысы жағдайына бейімдеп, енгізуге және таратуға;

      2) инновациялық технологияларды Түркістан облысы табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына бейімдеп, АӨК субъектілеріне енгізуге және таратуға.

      21. ТО АӨК саласындағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізуде мынадай жұмыс түрлері қамтылуы тиіс:

      1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің (сақтаудың және қайта өңдеудің) технологиялық процестерін енгізу және тарату;

      2) ТО АӨК инженерлік объектінің немесе техникалық жүйенің конструкцияларын енгізу және көбейту (конструкторлық жұмыстар);

      3) ғылыми және инновациялық технологиялардың тәжірибелік үлгілерін (жаңадан жасалған қағидаттық өзгешіліктері бар бірегей модельдерді) енгізу және тарату;

      4) селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату;

      5) ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын жақсарту бойынша ғылыми әзірлемелерді өндіріске ендіру және тарату;

      6) ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру арқылы (ауыл шаруашылығы кооперациясы) тауар өндірушілердің әлеуетін арттыру.

      22. ТО АӨК саласында ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізуге және таратуға, АӨК субъектілеріне инновациялық технологияларды енгізуге және таратуға арналған инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен қаражат бөлу бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кешенді қорытындысының нәтижелері, Комиссияның ұсынымы және басқарманың тиісті бұйрығының негізінде беріледі.

      23. ТО АӨК инновациялық жобаның іс-шараларын орындауға арналған жергілікті бюджет қаражатын өтінім берушінің игеру нәтижесі мыналар болып табылады:

      1) ТО АӨК субъектілерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің (сақтаудың, қайта өңдеудің) технологиялық процестерін жетілдіруді ұйымдастыру;

      2) ТО АӨК субъектілерінде ғылыми әзірлемелерді енгізу және тарату туралы есеп;

      3) ТО АӨК субъектілерінде селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату туралы есеп;

      4) Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын жақсарту бойынша ғылыми әзірлемелерді өндіріске ендіру және тарату туралы есеп;

      5) ТО АӨК субъектілерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге ұсынылатын тәжірибелік үлгілерін енгізу туралы есеп;

      6) ТО АӨК субъектілерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге (сақтауға және қайта өңдеуге) арналған технологиялық (конструкторлық) құжаттама мен құрал-жабдықтарды тапсыру туралы есеп;

      7) ТО АӨК субъектілеріне инновациялық жобаны енгізу және тарату жөніндегі облыстық кеңес (тренингтер, семинарлар, егістік күндерін) өткізу туралы есеп.

      24. ТО АӨК инновациялық жобаларды енгізу және тарату нәтижелерін бағалау мыналарды қамтиды:

      1) инновациялық жобаны енгізу және тарату нәтижелерінің сан мен сапа тұрғысындағы көрсеткіштері аудан (облыс) экономикасына, еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыруға ықпалын бағалауды және нақты айқын нәтижелерді қамтуы тиіс;

      2) қолданыстағы технологиялармен салыстырғанда, инновациялық жобаны енгізу іс-шараларын жүзеге асырудан ТО АӨК субъектісі және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін экономикалық тиімділігі;

      3) инновациялық жобаларды енгізу нәтижелерін ТО АӨК дамуына, аграрлық нарықтағы ахуалға байланысты экономикалық бағалау;

      4) енгізуден туындауы мүмкін технологиялық тәуекелді мейлінше азайту және АӨК нақты субъектісінің жағдайында енгізу процестерін жеке сүйемелдеуі арқылы, жобаның іс-шараларын тиімді іске асырудан мейлінше мол табыс алу.

      25. ТО АӨК инновациялық жобаларды енгізу және тарату жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:

      1) ҒЗжТКЖ нәтижелерін өндіріске енгізуді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу негізінде консультациялық қызметтер көрсету, солардың ішінде ғылыми қажетті материалдарын сатып алу;

      2) аналитикалық сараптамалар жүргізу, оның ішінде, енгізу нәтижелері бойынша;

      3) АӨК субъектілерінің өндірістік базаларында, немесе ғылыми, тәжірибелік және өзге де аграрлық сала ұйымдарының базасында инновациялық жобаларды енгізу және тарату жөніндегі ғылыми-тәжірибелік семинар-кеңестер (тренингтер, семинарлар, егістік күндерін) өткізу;

      4) жобаның идеяларын және ҒЗжТКЖ нәтижелерін тарату (тұсау кесер, мақала, брошюра, буклет, бейне материал).

      26. ТО АӨК инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру, өзге де тең жағдайларда Түркістан облысының табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына байланысты АӨК субъектілерінде аграрлық саладағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді), инновациялық агротехнологияларды одан әрі енгізу және тарату мақсатында, аграрлық саланың ғылыми-техникалық және инновациялық бағыттарындағы жұмыстарды атқаруға қызметкерлердің біліктілігі мен қабілеттігін растайтын, нотариалдық куәландырылған лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері бар, тіркеуден өткен ғылыми ұйымдарға беріледі.

      27. АӨК субъектілерінде аграрлық саладағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) және инновациялық агротехнологияларды енгізу және тарату жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты игеру және оның сомасы нақты инновациялық жобаның өзгешеліктеріне сәйкес айқындалады, алайда мыналардан артық емес:

      мерзімі бойынша – ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын жақсарту бойынша ғылыми әзірлемелерден бөлек барлық жобалар бойынша 12 (он екі) айға дейін;

      сомасы бойынша – 50 ( елу) миллион теңге.

      1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын жақсарту бойынша ғылыми әзірлемелердің өзіндік жұмыстары мен қажетті талаптарды сақталуын қамтамасыз етуге байланысты, оларды енгізу мен тарату мерзімі 36 (отыз алты) айды құрайды.

      2) Енгізуге және таратуға тиісті барлық жобалардың іске асырылу мерзімі 36 (отыз алты) айды құрайды, яғни барлық ендіріліп жатқан жобалар, келесі 2 (екі) жылдың ішінде ТО АӨК-де таратылуы шарт.

      3) Ендірілген жоба, келесі 2 жылдың ішінде ТО АӨК-де өзінің қолдануын таппаған жағдайда, осы жобаны іске асыруға бөлінген барлық қаражат жергілікті бюджетке қайтарылуы тиіс.

      28. Инновациялық жобаны енгізу және тарату жөніндегі келісім-шартта айқындалған 36 (отыз алты) ай мерзімінде, сол технологияларды енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне кезеңдік есеп бере отырып, ТО АӨК субъектісінің кәсіпорындарында инновациялық технологияларды енгізуді және таратуды көздейтін инновациялық жоба жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді.

      29. Аграрлық саладағы инновациялық технологияларды енгізуге және таратуға арналған инновациялық жоба жөніндегі іс-шараларға бюджеттен қаражат бөлуге технологияларды қолдану үшін объективтік қажеттілік және іріктеп алынған инновациялық технологияның бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан артықшылықтары негіз болады.

3-тарау. Инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша қабылданған шаралар туралы есеп берудің тәртібі.

1 бөлім. Инновациялық жобаларды іске асырудың мониторингі және бақылау

      30. Қаражаттың мақсатқа сәйкес жұмсалуын тиімді бақылау мақсатында бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысанда орындаушы берген аралық есептерге сәйкес іс-шаралардың іске асырылуына тұрақты мониторинг жүргізіп отырады.

      31. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі іс-шараларды іске асыру жөніндегі бүкіл құжаттаманың жасалынған келісім-шарттың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Растайтын ақпарат келісім-шарттың талаптарына сәйкес емес екені анықталған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мұндай ақпарат келіп түскен күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде қосымша ақпарат беру қажет екендігін немесе анықталған сәйкессіздіктердің жойылуы қажет екендігін өтінім берушілерге хабарлайды.

      32. Жұмсалған шығыстардың инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен жобаның бюджетіне сәйкестігін тексеру мақсатына жобаны орындау барысында, қажет болған жағдайда, жергілікті атқарушы органның мүдделі уәкілетті органдарын қатыстыра отырып бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ағымдағы қаржылық мониторингті жүзеге асырып, мыналарды қамтиды:

      1) өтінім берушілер инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың барысы туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне есептер беру, сонымен бірге, бөлінген қаражаттың пайдаланылуы және қол жеткізілген нәтижелер туралы есептің де қамтылуы;

      2) инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде атқарылған жұмыстарды ай сайын немесе тоқсан сайын актілеу;

      3) растайтын ақпарат келісім-шарттың талаптарына сәйкес болмаған немесе инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары белгіленген мерзімдерде орындалмаған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қосымша іс-шаралар жүргізу немесе қосымша ақпарат беру туралы өтінім берушілерге ақпарат жолдауы.

      33. Өтінім беруші, қажет болғанда, инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу үшін Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру жүзеге асырылатын объектілерге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдерінің қол жеткізуін, сондай-ақ олардың ресми сұрау салуы бойынша инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар процесіне қатысты қажетті ақпараттың бәрін беруге міндетті.

2 бөлім. Нәтижелерді бағалау және қабылдау

      34. Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың нәтижелерін аралық бағалау инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес орындалған жұмыстардың аралық актілеріне қол қою арқылы жүзеге асырылады. Орындалған жұмыстардың аралық актілеріне жұмыстардың орындалғанын және қол жеткен нәтижелерді растайтын қажетті материалдар (құжаттар) қоса беріледі.

      35. Инновациялық жобаны ендіру нәтижелерін ғылыми бағалау мыналарды қамтиды:

      1) іске асырылған іс-шаралардың барлығының нақты сипаттамаларын, сондай-ақ енгізіліп отырған әзірлеменің тиімділігін арттыру және жинақталған тәжірибені одан әрі тарату жөніндегі ұсыныстарды қамти отырып, ғылыми есеп беру;

      2) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілгенін, қаражаттың мақсатқа сәйкес және тиімді пайдаланылғаны пайымдалған, қаражат бөлу жөніндегі Комиссияның ғылыми есебін бағалау;

      3) бағдарлама іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмыстардың орындалғаны жөніндегі қорытынды актіге қол қою.

      36. Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін инновациялық жобаны ендіруге қатысқан орындаушы мен бюджеттік бағдарламаның әкімшісі арасында үш дана болып жасалады.

      37. Орындаушылар бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысанда ғылыми, аралық және қорытынды есеп береді.

      38. Ғылыми есепті Орындаушылар бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жобаны ендіру бойынша, яғни инновациялық жобаның 1-ші (бірінші) жылының қорытындысы бойынша, келісім-шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес есеп береді.

      39. Аралық есепті Орындаушылар бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жобаны ендіру бойынша, яғни инновациялық жобаның 2-ші (екінші) жылының қорытындысы бойынша, келісім-шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес есеп береді.

      40. Келісім-шартта көзделген іс-шаралардың бәрі орындалғаннан кейін қорытынды есеп беріледі.

      41. Барлық есептер қағаз жүзінде және электронды нұсқада беріледі.

      42. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі орындаушының есептерін қарау мерзімі есеп берілген сәттен бастап 15 күннен аспауы, ал ғылыми және қорытынды есептерді қарау мерзімі - 1 айдан аспауы тиіс.

  ТО АӨК cаласында
инновациялық жобаларды
іріктеуді ұйымдастыру
қағидасына 1-қосымша

Өтінім нысаны

11

Тіркелген күні және тіркеу нөмірі (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметкерлері толтырады)


22

Инновациялық жобаның атауы


33

ТО АӨК инновациялық жоба енгізіліп таратылатын сала (кіші сала)


44

Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараның қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаттарын және мәнiн, жоба нәтижелерiнiң нақты қолданылуы, осыған ұқсас жобаларды iске асыруға қатысу тәжiрибесін баяндау)


55

Жобаның ұзақтығы (айлар бойынша)


66

Жобаның басталған және аяқталған күндері


77

Сұратылған қаражаттың сомасы (теңге)


88

Өтінім берушінің(лердің) атауы, мекен-жайы, телефон/факсы, электрондық поштасы


99

Өтінім берушілердің байланыс жасауы тұлғаларының аты-жөні, мекен-жайы, телефоны, электрондық поштасы


110

Инновациялық жобаның жетекшісі (ғылыми-зерттеу ұйымының қызметкері) (аты-жөні, лауазымы, телефон/факс, электрондық поштасы көрсетіледі)


111

Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларға қатысатын АӨК субъектілерінің атауы, мекен-жайы, телефон/факс, электрондық поштасы



  ТО АӨК саласында
инновациялық жобаларды
іріктеуді ұйымдастыру
қағидасына 2-қосымша

Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (аталуын көрсету)

Жұмыс түрлері

Күтілетін нәтижелер (1-ші жыл)


2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1.





2.






Жұмыс түрлері

Күтілетін нәтижелер (2-ші жыл)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1.





2.






Жұмыс түрлері

Күтілетін нәтижелер (3-ші жыл)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1.





2.






Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын жақсарту бойынша инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (аталуын көрсету)

ТО АӨК-нің таратылған субъектісі

Күтілетін нәтижелер (1-ші жыл)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1.





2.






ТО АӨК-нің таратылған субъектісі

Күтілетін нәтижелер (2-ші жыл)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1.





2.






ТО АӨК-нің таратылған субъектісі

Күтілетін нәтижелер (3-ші жыл)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1.





2.






  ТО АӨК саласында
инновациялық жобаларды
іріктеуді ұйымдастыру
қағидасына 3-қосымша

Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазба

      1. Инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шараның атауы.

      2. Іс-шараны iске асыру орны: аудан, елдi мекен.

      3. Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының мақсаттары мен міндеттері (1 беттен артық емес).

      4. Негізгі мәлiмдеушiнiң (ғылыми зерттеу ұйымының) және нновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қатысушы негiзгi АӨК субъектілерiнің қысқаша сипаттамасы (1 беттен артық емес):

      1) толық аталуы;

      2) инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қатысушы негiзгi мәлiмдеушiнiң және қатысушы АӨК субъектілер қызметінің сипаттамасы;

      3) басты мамандар және олардың атқаратын жұмыс түрлері (түйіндемесі және бiлiктiлiгін растайтын құжаттары қоса берілуі қажет);

      4) осы бағдарлама шеңберiнде басқа жобалардың iске асырылуы туралы ақпарат.

      АӨК субъектісінен өтініш жеке тұлға ретінде берілген жағдайда оның білімі, жасы, қызметінің негізгі түрі және жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат көрсетілуі қажет.

      5. Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының негіздемесі: өндiрiстің осы сегментіндегі проблеманы, іс-шара қай мәселенің шешiмiне бағытталғанын көрсету. Іс-шараны іске асырудың маңызы мен қажеттiлiгi, ТО АӨК технологиялық даму деңгейіне және еңбек өнiмдiлiгіне ықпалының сипаттамасы (0,5 беттен артық емес).

      6. Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын iске асыру шеңберінде атқарылатын негiзгi жұмыстардың сипаттамасы: қандай жұмыстар атқарылады; өндiрiсте қолдану үшін, жобаны орындау барысында сынақтан өткізіп көрсету үшін ұсынылатын нақты шешімдер және технологиялар, нақты шаруашылық, аудан мен облыс экономикасы үшiн практикалық мәнін бағалау. Әр жұмыстың мақсатын, мазмұнын, ұзақтығын, күтiлетiн нәтижелерін, ресурстардың қажеттiлігін көрсету қажет, сонымен бірге Бағдарламаның іс-шараларын iске асыруға қатысатын АӨК субъектiсінiң базасында ғылыми әзірлемелерді (технологияларды) енгiзу және тарату жөніндегі ҒЗҰ әдiснамасын көрсету (2 беттен артық емес).

      7. Нәтижелiлiк: инновациялық жобаларды iске асыру нәтижелерінің сан мен сапа тұрғысынан көрсеткіштері. Өтінім берушінің еңбек өнiмдiлiгін және ауданның (облыстың) экономикасын жақсартуға еткен ықпалын бағалай отырып нақты, айқын нәтижелер қамтылуы тиiс.

      Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырудың экономикалық пайдаларын бұрын қолданылған технологиялармен салыстырып көрсете отырып, ТО АӨК дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан іс-шараның қисындылығын негіздеу (1 беттен артық емес).

      8. Экологиялық бағалау ұсынылып отырған технологиялардың қоршаған ортаға және ТО табиғат қорларына ықпалын сипаттауды да қамтуы тиіс (игі ықпал, ықпалсыз немесе кері ықпал). Кері ықпал еткен жағдайда мұндай ықпалдың зардабын азайту үшiн не iстелетінін көрсету қажет (0,5 беттен артық емес).

      9. Тәуекелдер: Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын табыспен аяқтаудағы негізгі тәуекелдер және сол тәуекелдерден өту жөніндегі шаралар (0,5 беттен артық емес).

      10. Жобаның ықпалдылығы: инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шараларға қатысушы АӨК субъектілер өндiрiсiнің қаржыландыру аяқталғаннан кейiнгі орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларды сипаттау қажет (0,5 беттен артық емес).

  ТО АӨК саласында
инновациялық жобаларды
іріктеуді ұйымдастыру
қағидасына 4-қосымша

Инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасы (аталуын көрсету)

      мың теңге

Шығыстардың баптары

Өлшем бірлігі

Бағасы

Құны

соның ішінде айлар бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Еңбекақы
















1)

















2)

















2.

Іссапар шығыстары
















1)

















2)

















3.

Тікелей шығындар
















1)

















2)

















4.

Қосымша шығындар
















Барлығы:

















      Ескертпе: ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын жақсарту
бойынша инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасы
инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың әрбір жылына бөлек
көрсетіледі.

      Шығыстардың баптары бюджет қаражатынан қаржыландырылатын және өтінім
берушілердің өз қаражатынан (болған жағдайда) жұмсалған шығыстар бөлек көрсетіледі.

  ТО АӨК саласында
инновациялық жобаларды
іріктеуді ұйымдастыру
қағидасына 5-қосымша

Аралық, ғылыми және қорытынды есептің нысаны

Есеп беру күні

Өтінім берушінің атауы

Келісім-шартының нөмірі мен күні

Қаржыландырудың мақсаты

Қаржыландырудың сомасы

Есептілік кезеңі

Қол жеткізілген нәтижелер

Қорғау құжатының атауы (бар болған жағдайда)

Қорғау құжатының берілген күні мен нөмірі (бар болған жағдайда)


Инновациялық жобаны енгізу бойынша қол жеткізілген нәтижелер:

Әріптестің атауы

Келісім - шарттың атауы

Келісім - шарттың нөмірі және күні

Келісім - шарттың сомасы

Келісім - шарттың мерзімі

Ақы төлеу шарттары









Инновациялық жобаның нәтижелерін одан әрі тарату жөніндегі іс-шаралар:

Әлеуетті әріптестің атауы

Іс-шара

Болжамды шығыстар сомасы

Келісім-шарт жасасудың болжамды мерзімдері












Инновациялық жобаның нәтижелерін енгізудің нақты нысаны мен көлемдері:

Енгізу нысаны

Енгізу көлемдері\мың теңге


1-ші жыл

2-ші жыл

3-ші жыл

1

Ауыл шаруашылығы өнімдердің жаңа өндірісін ұйымдастыру және/немесе жаңа түрлерін енгізу;




2

Жаңа агротехнологияны және/немесе жаңадан көрсетілетін қызметтер енгізуді ұйымдастыру;




3

Жаңа технологиялық жабдықтарды ұйымдастыру;




4

Агротехнологияларды енгізудің басқа да нысандары.





      Ескертпе: аралық, ғылыми және қорытынды есептің нысаны қаржыландырудың
ерекшеліктеріне байланысты толтырылады.

  ТО АӨК саласында
инновациялық жобаларды
іріктеуді ұйымдастыру
қағидасына 6-қосымша

20_ жылғы "_" ______ № ___ келісім-шарт бойынша берілген нысаналы бюджеттік қаражаттың пайдаланылуы туралы қаржылық есеп

Смета бойынша шығыстар баптарының аталуы

Смета бойынша бюджеттік қаражаттың сомасы

Жұмсалған сома

Қаражат қалдығы

Растайтын құжаттар

Ескерпе

1

2

3

4

5

6

7








Жиыны








      Ескертпе: мақсатты пайдаланылғанын растайтын құжаттардың көшірмесі қоса берілуі
қажет.

      Өтінім _____________________ беруші_____________________

      (аты-жөні) (қолы)

      М.О.

      Ескертпе: нысаналы бюджеттік қаражаттың пайдаланылуы туралы қаржылық есеп
ТО ауыл шаруашылығы басқармасына жыл сайын инновациялық жобаны іске асыру
мерзімі ішінде беріледі.

  ТО АӨК саласында
инновациялық жобаларды
іріктеуді ұйымдастыру
қағидасына 7-қосымша

Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені саласында
инновациялықжобаны енгізу және тарату жөніндегі келісім-шарт (үлгі)

      № ____ "_____" ___________ 20__ж.

      ______________________________________ атынан, бұдан әрі Тапсырыс беруші деп
аталатын, ереженің негізінде әрекет ететін, __________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) бір тараптан, және бұдан әрі
Орындаушы деп аталатын, _____________________________________________(Орындаушы
конкурс жеңімпазының толық атауы) атынан, жарғының негiзiнде әрекет
ететін__________________________________________________ (уәкілетті адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

      екінші тараптан, Комиссия отырысының 20____ жылғы "__" _______ №____ хаттамасын
негiзге ала отырып, ТО ауыл шаруашылығы басқармасының 20____ жылғы "__" _______
№____ шешiмiмен инновациялық жобаны тарату және енгiзу бойынша осы Келiсiм-шартты
жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Келісім-шарттың мәні

      1. 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды
жүргізу" атты бюджеттік бағдарлама бойынша "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
8 шілдедегі Заңына сәйкес агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаны енгізу
және тарату бойынша атқарылатын жұмыстарды Тапсырыс берушi мiндеттейдi, ал
Орындаушы өзiне қабылдайды.

      Бағдарлама атауы:
Бағыты:
Тақырыбы:

      2. Орындаушы__________________________________________инновациялық жобаны
тарату және енгізу бойынша мынадай шаруашылықтардың өндiрiстiк жағдайлардында
қызмет көрсетуді өз мiндеті ретінде қабылдайды:

      1) _________________________________________________________

      2) _________________________________________________________

      3) _________________________________________________________

      "______________________________________________" ЖШС әзірлеген және осы
келісім-шарттың ажырамас бөлігі болып саналатын_____________________
_____________________________________________инновациялық жобаға сәйкес.

      3. 20__ жыл iшiнде Орындаушының қызметтер көрсету мерзiмі.

      4. Төменде көрсетілген құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты
құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы Келісім-шарт;

      2) осы Келісім-шарттың 2-бөлімінде баяндалған инновациялық жобаның сипаттамасы
(техникалық ерекшелік);

      3) көрсетілген қызметтердің қабылдау-тапсыру актісі (осы Келісім-шартқа 1-қосымша).

      5. Көрсетілетін қызмет тапсырыс берушi мен орындаушының арасында қабылдау-
тапсыру актісне қол қойылғаннан кейiн аяқталған болып есептеледi.

2. Біліктілік сипаттары мен экономикалық көрсеткіштер бойынша инновациялық
жобаның сипаттамасы

      6. Жұмыстың бағыты.

      7. Ғылыми-техникалық деңгейі (жаңалық).

      8. ТО АӨК қолданылатын саласы.

      9. Енгiзу мен таратудың нақты соңғы нәтижесі.

      10. Енгiзу мен таратудың экономикалық тиімділігі.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      11. Орындаушы міндетті:

      1) _______________________________________________________________________
инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға сәйкес тиісінше сапалы қызметтер
көрсетуге;

      2) осы Келісім-шарттың 3-тармағында көрсетілген мерзімде қызметті толық көлемде
көрсетуге;

      3) егер қызмет көрсету барысында Орындаушы осы Келiсiм-шарттың талаптарынан
ауытқыса, барлық айқындалған кемшiлiктерді Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша тегiн
түзетуге;

      4) Орындаушы осы Келісім-шарттың 3-тармағында көрсетілген мерзімге дейін
iстелiнген жұмыстар туралы толық қорытынды есептер беруі тиіс.

      12. Тапсырыс беруші құқылы:

      1) Орындаушы атқаратын жұмыстың барысы мен сапасын оның қызметiне араласпай
тексеруге;

      2) істеген жұмыстардың актісіне қол қойылғанға дейін Тапсырыс берушінің Келiсiм-
шартты орындаудан бас тартуы туралы жазбаша хабарламаны алғанға дейін Орындаушы
көрсеткен қызметтердің бір бөлігіне тең белгіленген бағаны төлей отырып, кез келген
уақытта Келiсiм-шартты орындаудан бас тартуға.

4. Келісім-шарттың жалпы сомасы және еңбекақы төлеу шарттары

      13. Келісім-шарттың жалпы сомасы барлық салықтар мен бюджетке төленетін
төлемдерді ескере отырып, қызметтер көрсетуге байланысты бүкіл шығындардың құнын
қоса есептегенде _____________ теңге (жазбаша).

      14. Тапсырыс беруші, Орындаушының көрсеткен қызметтеріне мынадай тәртіппен
еңбек ақы төлейді:

      1) осы Келісім-шарт қазынашылық органдарында тіркелген сәттен бастап 5 банктік
күн ішінде, Тапсырыс беруші Келісім-шарт сомасының 30 пайызы көлеміндегі соманы
алдын ала төлейді;

      2) бұдан кейінгі еңбекақы төлеу нақты көрсетілген қызметтер бойынша, Орындаушы
көрсеткен қызметтерге шот-фактура мен қабылдау-тапсыру актісін бергеннен кейін, аванс
толық өтелгенде, ай сайын жүргізіледі.

      15. Қаржыландыру көзі: Түркістан облысының жергілікті бюджеті.

      16. Орындаушы және қосымша орындаушылар өздерінде тиісті бухгалтерлік есеп
жүргізуді және орындалған жұмыстың кезеңдері бойынша нақты құнына талдау жасауға
міндетті.

5. Жұмысты тапсыру және қабылдау тәртібі

      17. ТО АӨК саласында инновациялық жобаларды іріктеу қағидасына сәйкес,
ғылыми-техникалық және Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын
орындаудың кезеңдерінде Орындаушы рәсімдеп беруге тиісті болған өзге де құжаттаманы
бере отырып, Тапсырыс берушіге инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша
орындалған жұмыстары туралы тоқсан сайын аралық есеп беруге міндетті.

      18. Орындаушы Тапсырыс берушіге инновациялық жобаны тарату және енгізу
бойынша жүргізілген жұмыстар туралы жылдық қорытынды есепті осы Келісім-шарт
орындалып біткеннен кейін 201 жылдың кешіктірмей беруге міндетті.

      19. Орындаушы Тапсырыс берушіге 201 жылдан кешіктірмей орындалған
жұмыстардың актісін береді.

      20. Жұмыстар мерзімінен бұрын орындалған жағдайда, Тапсырыс беруші мерзімінен
бұрын жұмыстарды қабылдауға және еңбекақы төлеуге құқылы.

      21. Егер жұмысты орындау барысында кері нәтиже алынатындығы немесе
жұмыстарды бұдан әрі жүргізуді жалғастыру қисынсыз екені анықталса, Орындаушы
жұмысты тоқтатқаннан кейін 5 күн мерзім ішінде Тапсырыс берушіге хабарлап, жұмысты
тоқтатуға міндетті. Мұндай жағдайда тараптар жұмысты жүргізуді жалғастыра берудің
қисындылығы мен бағыттары туралы мәселені талқылап қарауға міндетті.

6. Екіжақты жауапкершілік

      22. Шартта көзделген міндеттер орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен тәртіпке сәйкес
жауапкершілікте болады.

      23. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Орындаушының ұсынған
қызметтеріне байланысты Келісім-шартқа ешқандай толықтырулар немесе өзгерістер
енгізуге рұқсат етілмейді.

      24. Белгіленген уақытта жұмыс орындалмаған жағдайда Орындаушы бюджетке
мерзімінен кешіктірілген әрбір жұмыс күні үшін Келісім-шарттың жалпы сомасының 0,05
пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

7. Дауларды шешу тәртібі

      25. Орындаушының тарапынан осы Келісім-шартта көзделмеген жағдайда тәртіп
бұзылғаны анықталса осы Келісімшарт кез келген кезеңінде бұзылуы мүмкін. Мұндай
жағдайларда, осындай негізбен осы Келісім-шарттың бұзылуына байланысты шығындарды
өтеуді Тапсырыс берушіден талап етуге Орындаушы құқылы емес.

      26. Тапсырыс беруші мен Орындаушы Келісім-шарт бойынша немесе оған
байланысты барлық келіспеушілік пен дауларды тікелей келіссөздер жүргізу барысында
шешу үшін барлық күш-қайратын жұмсауы тиіс.

      27. Егер осындай келіссөздер жүргізу басталған күннен кейін 21 күн ішінде тараптар
Келісім-шарт жөніндегі өзара дауды шеше алмаса, тараптардың әрқайсысы бұл мәселенің
шешілуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етуге құқылы.

8. Өзге де жағдайлар

      28. Келісім-шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілінде жасалады.

      29. Осы Келісім-шарт үш дана болып жасалды. Үш дананың өзара айырмашылығы
жоқ және күші де бірдей.

      30. Келісім-шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа қандай да бір мәлімдемені хат,
жеделхат, телекс немесе факс арқылы жолдайды, кейін түпнұсқасы беріледі.

      31. Өтінім беруші Келісім-шартта көзделген мерзімде қызметтерді ұсына алмаса,
бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Келісім-шарт шеңберіндегі өзінің құқығына нұқсан
келтірместен мерзімнен тыс әрбір күн үшін Келісім-шарт құнының 0,1 пайызы көлемінде
тұрақсыздық айыбының қосымша сомасы ретінде Келісім-шарт бағасынан ұстап қала алады.

      32. Егер Келісім-шартты орындаудың кешеуілдетілуі форс-мажорлық жағдайлардың
салдарынан болса, оның талаптарының орындалмағаны үшін Өтінім беруші тұрақсыздық
айыбының төленуі немесе Келісім-шарттың бұзылуы үшін жауапты болмайды.

      33. Осы Келісім-шарттың мақсаттарына арналған "форс-мажор" деген сөздер
Орындаушы тарапынан бақылау мүмкіндігінен айырған, алдын-ала болжауға болмайтын
және Орындаушының қателігіне немесе салдыр-салақтығына қатысы жоқ сипаттағы оқиғаны
білдіреді. Мұндай оқиғалар соғыс жағдайы, табиғаттағы және стихиялық апаттар, оба,
карантин және қызметтерді көрсетуге эмбаргоны қамтуы мүмкін, алайда барлық жағдайлар
мұндайлармен де шектелмейді.

      34. Форс-мажорлық жағдайға тап болған Орындаушы оның себебі мен жалпы сипатын
баяндап, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Егер
бюджеттік бағдарламаның әкімшісінен басқадай жазбаша нұсқаулық келмесе, Өтінім беруші
Келісім-шарт бойынша өз міндеттемесін атқаруды мүмкіндікке қарай одан әрі жалғастырады
және Келісім-шартты орындаудың форс-мажорлық жағдайға қатысы жоқ тиімді жолдарын
іздестіреді.

9. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері

Тапсырысшы:
________________
(қолы)
М.О.

Орындаушы:
________________
(қолы)
М.О.


  Келісім шартқа 1-қосымша
№__ ______20__ж.

      20___ "____" __________ №______ келісім-шарт бойынша көрсетілген қызметтерді
қабылдау-тапсыру актісі

      №_______ 20___ "____" __________

      Біз, төменде қол қоюшылар, _______________________________ негізге алып
Тапсырыс берушінің атынан әрекет етуші, __________________________ бір тараптан және
___________________________________________________ атынан, Жарғыны негізге алып
әрекет етуші бірінші басшысы _____________________________________________ екінші
тараптан, 20___ "____" __________ №______ Келісім-шартқа сәйкес 019 "Инновациялық
тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу" деген бюджеттік бағдарлама
бойынша, Тапсырыс беруші мынадай көрсетілген қызметтерді қабылдады:

      1)
2)
3)

      Көрсетілген қызметтердің құн
_______________________________________________________________
(Сома санмен және жазбаша, валюта атауы).

      Барлық салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді қоса.

      Жұмыстар (көрсетілген қызметтер) сапалы орындалған, келісім-шарттың талаптарын
қанағаттандырады.

      Тараптардың өзара наразылығы жоқ.

      Тегі, аты-жөні _______________ Тегі, аты-жөні____________

      Мөр орны Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады