Біржолғы талондар құны туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 қазандағы N 57/465-4с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 29 қарашада N 14-1-147 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 15/109-5с Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент  қалалық мәслихатының 2012.12.20 № 15/109-5с Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары үшін және Шымкент қаласының базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондар құны 1 және 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      М.Сыдықов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Н.Бекназаров

Шымкент қалалық мәслихатының
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 57/465-4с шешіміне № 1 қосымша

      Шымкент қаласы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары үшін біржолғы талондар құны 

№ р/с



Бір күндік талон құны (теңге)

1.

Сату (стационарлық үй – жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда):


1)

газеттер мен журналдарды

150

2)

тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материалдарды (екпелер, көшет)

200

3)

бақша дақылдарын

300

4)

саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді

100

5)

қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін

200

6)

жануарлар мен құстардың жемдерін

200

7)

сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балықтарды

200

2.

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі

500

3.

Үй жануарлары мен құстарын бағу

200

      Ескерту: егер тұрған (сауда) орны белгіленген жер көлемінен артса, онда салық төлеуші біржолғы талон құнының сомасын артық жерге барабар етіп қосымша төлейді.

Шымкент қалалық мәслихатының
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 57/465-4с шешіміне 2 қосымша

      Шымкент қаласының базарларында тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондар құны


р/с

Тауар, жұмыс және қызмет атаулары

Әр сатушының алатын сауда алаңы

Бір күндік
талон
құны (теңге)

1.

Базарлар аумағындағы (дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда) сату:



1)

ұн, нан және нан тағамдары, кондитер тағамдарын

1 шаршы метрден

100

2)

ет және ет өнімдерін

1 шаршы метрден

300

3)

сүт және сүт өнімдерін

1 шаршы метрден

100

4)

көкөністерді, жеміс-жидектерді

1 шаршы метрден

200

5)

құрғақ жемістерді, балды

2 шаршы метрге дейін

400

6)

киімдерді, маталарды, бас киімдерді, аяқ киімдер, теріден жасалған бұйымдарды

2 шаршы метрге дейін

300

7)

аудио-бейне аппаратураларды

2 шаршы метрге дейін

300

8)

кеңсе тауарларын, парфюмерияларды

1 шаршы метрден

250

9)

жеңіл автокөліктерді

1 кіріп шыққанына

500

10)

автобустарды

1 кіріп шыққанына

700

11)

жүк машиналарын

1 кіріп шыққанына

1000

12)

мото- велотехникаларды

1 кіріп шыққанына

350

13)

ірі қара малды, жылқыларды, түйелерді

1 басқа

300

14)

қой, ешкі, қозыларды

1 басқа

200

15)

құс және үй жануарларын

1 шаршы метрден

200

16)

жем, шөптерді

2 шаршы метрге дейін

300

17)

құрылыс материалдарын

3 шаршы метрге дейін

300

18)

гүлдерді

1 шаршы метрге денін

250

19)

аяқ киім тігу, жөндеу және тұрмыстық қызметтерді

2 шаршы метрге дейін

200

20)

ұсақ –түйек тауарларды

1 шаршы метрден

200

21)

зергерлік бұйымдарды

1 шаршы метрден

300

22)

кілемдерді

3 шаршы метрге дейін

300

23)

автокөліктердің қосалқы бөлшектерін (жаңа түрлері)

1 шаршы метрден

200

24)

автокөліктердің қосалқы бөлшектерін (ескі түрлері)

1 шаршы метрден

150

25)

базар аумағына жүк артып кірген автокөліктерге және әрбір тіркемелеріне



а)

1 тоннаға дейінгі

1 кіріп шыққанына

300

б)

1 тоннадан 4 тоннаға дейінгі

1 кіріп шыққанына

600

в)

4 тоннадан 8 тоннаға дейінгі

1 кіріп шыққанына

1000

г)

8 тоннадан жоғары

1 кіріп шыққанына

1500

      Ескерту: егер тұрған (сауда) орны белгіленген жер көлемінен артса, онда салық төлеуші біржолғы талон құнының сомасын артық жерге барабар етіп қосымша төлейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады