Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2012.05.17 № 7/53-5с Шешімімен.
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған "Шымкент қаласында жануарларды (ит, мысықтар) ұстау Қағидасы" бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы М.Сыдықов
Қалалық мәслихат хатшысы Н.Бекназаров
Шымкент қалалық мәслихатының
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 61/482-4с шешімімен бекітілген
Шымкент қаласында жануарларды (ит, мысықтар) ұстау Қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Шымкент қаласында жануарларды (ит, мысықтар) ұстау ережесі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8 тармақшасына сәйкес әзірленген және Шымкент қаласында жануарларды (ит, мысықтар) ұстау тәртібін белгілейді.
2. Жануарларды (ит, мысықтар) ұстау тәртібі
1. Жануарлар (ит, мысықтар) жеке ветеринариялық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендіріледі.
2. Жануарларды (ит, мысықтар) беру, сату, сатып алу, сонымен қатар қала аумағынан тысқары шығару және кіргізу жануарлардың (ит, мысықтар) «құтыруға қарсы егілген» белгісі бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етіледі.
3. Мыналарға рұқсат етілмейді:
1) тіркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген жануарларды (ит, мысықтар) ұстауға;
2) жануарларды (ит, мысықтар) көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, балалар ойнайтын алаңшаларда және көпшілік шаралар өткізілетін жерлерде серуендетуге;
3) иттерді тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;
4) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге иттерді серуендетуге;
5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және бастау көздерінде жануарларды (ит, мысықтар) шомылдыруға;
6) тұрғын үй қоры пәтерлерінде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлері үшін паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;
7) жануарларды (ит, мысықтар) көп пәтерлі тұрғын үйлердің және жатақханалардың ортақ пайдаланатын орындарында ұстауға, сонымен қатар сауда орталықтарының аумағына жетектеп әкелуге.
4. Адамдарды немесе жанауарларды тістеген иттер мен мысықтар тез арада оқшауланып, бақылау жасау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесіне жеткізіледі.
5. Жануарларды (ит, мысықтар) ұстау ветеринариялық (ветеринариялық – санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Санитариялық – гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Қағиданың талаптарын орындаған жағдайда мыналарға:
1) бірнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтерлерде), тек өзінің тұрғын жайында, пәтерде барлық тұрушылардың жазбаша келісімі бойынша көршілердің дәрігерлік кері көрсеткіші (ұшыну) болмаса, итттер мен мысықтарды ұстауға;
2) иттерді тұмылдырықсыз және шылбырсыз елді мекендерден тыс жерлерде, мал табындары мен отарларда бос ұстауға рұқсат беріледі.
3. Қорытынды ережелер
1. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.