Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы N 544 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 желтоқсанда N 14-2-119 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 13.03.2015 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабының 4 және 6 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арыс қалалық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша), Арыс қаласы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Ауыл округтерінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастыруды, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды беру шарттарының бірдей және тең болуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Қ.Сыдықов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Арыс қалалық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      ______________________ Ағыбаев Талғат Құдайбергенұлы
      7 желтоқсан 2011 жыл

      Арыс қаласы әкімдігінің
      7 желтоқсан 2011 жылғы
      № 544 қаулысына 1-қосымша

      Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

р/с

Қала, ауылдық округтер атауы

Белгіленген орындар

Түрі



1



Арыс қаласы

Әл-Фараби және Ергөбек көшелерінің қиылысы

тақта

Төле би және Майлы қожа көшелерінің қиылысы

тақта

Ергөбек көшесі, Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының алды

тақта

2

Ақдала ауылдық округі

Ақдала ауылының Амангелді көшесінің Арыс-Дермене тасжолымен қиылысы

тақта

3

Байырқұм ауылдық округі

Байырқұм ауылының Жұмабеков көшесіндегі аялдамасының жаны

тақта

4

Дермене ауылдық округі

Дермене ауылының кіре берісіндегі аялдаманың жаны

тақта

5

Жиделі ауылдық округі

Жиделі ауылының орталық көшесі

тақта

6

Задария ауылдық округі

Задария ауылының Б.Шүкірбеков және С.Сейфуллин көшелерінің қиылысы

тақта

7

Монтайтас ауылдық округі

Монтайтас ауылының Б.Онтаев және А.Құнанбаев көшелерінің қиылысы

тақта

      Арыс қаласы әкімдігінің
      7 желтоқсан 2011 жылғы
      № 544 қаулысына 2-қосымша

      Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар тізімі

р/с

Қала, ауылдық округтер атауы

Өткізілетін орны

Мекен жайы


1

Арыс қаласы

«Теміржолсу-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәжіліс залы

Привокзальная көшесі

2

Байырқұм ауылдық округі

Ауылдық клуб

Тұрғынбаев көшесі

3

Дермене ауылдық округі

Ауылдық клуб

С.Сейфуллин көшесі

4

Жиделі ауылдық округі

Ауылдық клуб

Нартай көшесі

5

Монтайтас ауылдық округі

Ауылдық клуб

Б.Онтаев көшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады