Түркістан қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 ақпандағы № 16/120-ІV "Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2011 жылғы 2 наурыздағы N 42/287-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 наурызда N 14-4-96 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/62-V Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2012.12.20 № 10/62-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 383-бабының 1-тармағына, 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Түркістан қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" Түркістан қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 ақпандағы № 16/120-ІV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-4-65 нөмірімен тіркелген, «Түркістан» газетінің 2009 жылғы 4 сәуірдегі № 17 санында жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған шешімнің 1-тармағы «автотұраққа» деген сөзден кейін «паркинге» деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С.Тәженов

      Қалалық мәслихат хатшысының
      міндетін уақытша атқарушы                  М.Исмаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады