Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2012.12.20 № 10/62-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 383-бабының 1 тармағы, 387-бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Түркістан қалалық мәслихаты
ШЕШТІ:
1. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (автотұраққа, паркинге, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда) салынатын базалық салық ставкасын 50 процентке жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2011.03.02 N 42/287-IV Шешімімен.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың
кезектен тыс он алтыншы
сессиясының төрағасы Ү.Жүсіпбаев
Қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Рысбеков