Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 27.03.2015 № 40/228-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 382-бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түркістан қаласы үшін (ауылдық жерлерді қоспағанда) үй іргесіндегі көлемі 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары 1 шаршы метр үшін 6,0 теңгеден 1,0 теңгеге дейін төмендетілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихаттың бюджет, экономикалық және әлеуметтік даму, нарықтық қатынастарды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессия төрағасы Х.Муслимов
Қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Рысбеков