Түркістан қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 мамырдағы № 44/299-IV "Түркістан қаласының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2011 жылғы 10 тамыздағы N 48/325-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 тамызда N 14-4-102 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 01-09/14 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 30.01.2013 № 01-09/14 хатымен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1–тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына және қала әкімінің мәлімдемесіне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. «Түркістан қаласының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 мамырдағы № 44/299-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-4-99 нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 2 шілдеде «Түркістан» газетінің № 36-37 нөмірінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің 1-тармағындағы «алты жүз отыз» деген сөздер «бір мың бес жүз» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
 
 
      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Ғ.Сәрсенбаев
 
      Қалалық мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы                          М.Исмаилов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады