Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2012.12.20 № 10/63-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңына және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабына сәйкес Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессия төрағасы Ғ.Сәрсенбаев
Қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Рысбеков
Түркістан қалалық мәслихатының
2011 жылғы 14-қыркүйектегі
№ 49/331-IV шешіміне 1-қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құнының молшері
№ |
Қызмет түрлерінің тізбесі |
Бір жолғы талондардың құны |
1 |
Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) |
|
1.1 |
Газеттер мен журналдар |
50 |
1.2 |
Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет) |
50 |
1.3 |
Бақша дақылдары |
100 |
1.4 |
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер |
100 |
1.5 |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері |
60 |
1.6 |
Жануарлар мен құстардың жемдері |
50 |
1.7 |
Сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақтар және балық |
50 |
2 |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі |
300 |
3 |
Үй жануарлары мен құстарды бағу |
75 |
Түркістан қалалық мәслихатының
2011 жылғы 14-қыркүйектегі
№ 49/331-IV шешіміне 2-қосымша
Базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері
№ |
Тауар, жұмыс және қызмет түрлері және бір сатушыға белгіленген орын |
Бір жолғы талондардың құны |
Базар аумағындағы дүнгіршектердегі, стационарлық үй жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарлардағы тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтер |
||
1 |
Ұн, құмшекер, күріш және басқа да астық (сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына шаршы метр) |
100 |
2 |
Нан және нан тағамдары (сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына шаршы метр) |
60 |
3 |
Ет және ет тағамдары (сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына шаршы метр) |
150 |
4 |
Сүт, айран, қымыз, қымыран, қаймақ және сүт өнімдері (сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына шаршы метр) |
40 |
5 |
Кондитерлік тауарлары (сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына шаршы метр) |
100 |
6 |
Көкөніс, жеміс-жидектер (сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына шаршы метр) |
60 |
7 |
Құрғатылған жемістер (сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына шаршы метр) |
100 |
8 |
Киімдер, мата, бас киімдер, аяқ киімдер (сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына шаршы метр) |
100 |
9 |
Аудио-видео аппаратуралар (сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына шаршы метр) |
80 |
10 |
Кеңсе тауарлары, парфюмерия (сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына шаршы метр) |
100 |
11 |
Жеңіл және жүк автокөліктер, ауыл шаруашылық техникалары, автобустар (1 автокөлікке немесе техникаға) |
150 |
12 |
Мото-вело тауарлары, олардың қосалқы болшектері, автобөлшектер, балалардың коляскалары, сырғанақтар(1 бас) |
100 |
13 |
Ірі қара мал, жылқылар (1 бас) |
100 |
14 |
Қой, ешкі (1 бас) |
60 |
15 |
Құстар мен аңдар (1 бас) |
40 |
16 |
Жем-шөп (1 орынға) |
100 |
17 |
Құрылыс материалдары (12 шаршы метрге дейін) |
150 |
18 |
Гүлдер (1 орынға) |
80 |
19 |
Аяқ киім жөндеу және басқа да тұрмыстық қызметтер (1 орынға) |
60 |
20 |
Ұсақ-түйек тауарлары (сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына шаршы метр) |
60 |