Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 9/48 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңының 37 тармағының 9 тармақшасына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Біржолғы талон негізінде кәсіпкерлік жасаушы жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша бір жолғы талондар құнын белгілеу туралы» Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпандағы № 16/95 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-72 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірдегі «Шаян» газетінің № 14 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбындағы «Біржолғы талон негізінде кәсіпкерлік жасаушы жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақта «жеке тұлғаларға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
шешімнің 1,2-қосымшасының тақырыптарындағы «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымшаның 2-тармағындағы «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Бәйдібек аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: Н.Алтыбаев
Мәслихат хатшысы: С.Спабеков