Бір жолғы талондар құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпандағы N 16/95 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда N 14-5-72 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9/48 Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 9/48 Шешімімен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2011.09.27 N 47/276 Шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасының 10 желтоқсан 2008 жылғы N 100-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына және 6 тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Біржолғы талон негізінде кәсіпкерлік жасаушы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша бір жолғы талондар құныны осы шешімнің 1 қосымшасына сай бекітілсін.
      Ескерту. Шешімнің бірінші тармағындағы "жеке тұлғаларға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2011.09.27 N 47/276 Шешімімен.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.          

      Сессия төрағасы:                           О.Мыңғышев

      Мәслихат хатшысы:                          Т.Дүйсенбеков

      Бәйдібек аудандық мәслихатының
      2009 жылғы 17 ақпандағы N 16/95
      шешімімен бекітілген 1 қосымша

      Қызметi дүркiн-дүркiн сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар
үшiн бiржолғы талондар құнының мөлшерi

      Ескерту. 1-Қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2010.06.03 N 33/185 қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Шешімімен; 1-қосымшаның тақырыбындағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2011.09.27 N 47/276 Шешімімен.

Рет саны

Кәсiпкерлiк қызметтiң түрлерi

Бiржолғы талон құны (теңге)

1

Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтердi қоспағанда):

1) газеттер мен журналдар

70

2) тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материалдары (екпелер, көшет)

120

3) бақша дақылдары

250

4) саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсiрiлген табиғи гүлдер

150

5) қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерiнiң өнiмдерi

250

6) жануарлар мен құстардың жемдерi

300

7) сыпыртқылар

250

8) орман жидегi

250

9) бал

250

10) саңырауқұлақ

250

11) балық

400

2

Жер учаскелерiн өңдеу жөнiндегi жеке трактор иелерiнiң көрсететiн қызметi

800

3

Үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын қызметi

40

Бәйдібек аудандық мәслихатының
2009 жылғы 17 ақпандағы
№ 16/95 шешіміне № 2 қосымша

      Базарларда тауарлар өткiзу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға, дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн бiржолғы талондар құнының мөлшерi

      Ескерту. Шешім 2-қосымшамен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2010.06.03 N 33/185 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Шешімімен; 2-қосымшаның тақырыбындағы және оның 2-тармағындағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2011.09.27 N 47/276 Шешімімен.

Рет саны

Сауда (тауар) түрi

Бiржолғы талон құны (теңге)

1

Базарларда тауарлар сату (базар аумағындағы дүңгiршектердегi, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда):

1) сүт және қышқыл сүт өнiмдерi

200

2) ұсақ-түйек тауарлар сату

200

3) көкөнiс және жемiстер

250

4) ет және ет өнiмдерi

1000

5) құстар мен аңдарды сату

100

6) кеңсе тауарлары, парфюмерия

300

7) кеңсе тауарлары

300

8) iрi қара мал

200

9) ұсақ мал

100

2

Базар аумағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға, дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар

150

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады