Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің 2012.01.13 N 57 хатымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңының 20 бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 11 бабы 2 тармағы 3 тармақшасына және Қазығұрт аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 22 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» № 38/279-ІV санды шешіміне сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2011 жылы жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтiк көмектің түрлері мен мөлшерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сай белгiленсiн.
2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу "Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi арқылы жүргізілсін.
3. Осы қаулының қосымшасына сай 2011 жылы жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтiк көмектің түрлері мен мөлшерінің тізбесіндегі 6, 7, 9, 10 жолдарындағы әлеуметтiк көмектер (бiржолғы және ай сайынғы) өтiнiш бiлдiрген айдан, бiрақ әлеуметтiк көмектi тағайындау үшiн негiз болатын жағдайлардың пайда болуынан бұрын емес тағайындалсын.
4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдауда аудан әкімдігінің жанындағы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның ұсынысы ескерілсін.
5. Әлеуметтiк көмектi қаржыландыру бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған сомалар шегiнде "Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтiк көмек" бюджеттiк бағдарламасы бойынша жүргiзiлсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Г.Ж.Тағаеваға жүктелсiн.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Т.С.Алиев
Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 16 мамырдағы
N 253 қаулысына қосымша
2011 жылы жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтiк көмектің түрлері мен мөлшерінің тізбесі
№ |
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары |
Әлеуметтiк көмектiң түрлері мен мөлшерi |
Тағайындалу мерзімі |
1. |
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне біржолғы материалдық әлеуметтік көмек |
10 000 (он мың) теңгеден |
2011 жылдың маусым айы |
2. |
Ұлы Отан соғысы қатысушыларының жесірлеріне біржолғы материалдық әлеуметтік көмек |
10 000 (он мың) теңгеден |
2011 жылдың маусым-шілде айлары |
3. |
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне және тылда еңбек еткен адамдарға мерзімді басылымдарға тегін жаздыру түріндегі әлеуметтік көмек |
«Қазығұрт тынысы», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Жанубий Казахстан», «Дала мен |
2011 жылдың ІІ жарты жылдығы |
4. |
Тіркеуде тұрған жалғызілікті 80 жастан асқан қарттарды қолдау мақсатында зейнетақысына қосымша ай сайын қосымша әлеуметтік көмек; |
бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде |
2011 жыл бойы |
5. |
Жалғызілікті қарттарға, мүгедек балаларға, 100 жасаған аналарға 1-10 – Қазан Халықаралық қарттар және мүгедектер күнiне орай жылына бiр рет дәрi-дәрмек алуға біржолғы материалдық әлеуметтік көмек |
2000 (екі мың) теңгеден |
2011 жылдың қазан айы |
6. |
Жүріп тұруы қиын мүгедектерді арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен |
31 000 (отыз бір мың) теңгеден |
2011 жылдың маусым–желтоқсан айлары |
7. |
Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестірілгендерге облыс көлеміндегі санаторий-курорттық емдеу ұйымдарына жолдамамен қамтамасыз ету түріндегі әлеуметтік көмек |
42 000 (қырық мың) теңгеден |
2011 жылдың маусым–шілде айлары |
8. |
Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен әлеуметтік көмекке мұқтаж нысаналы топтағы адамдарға азық– түліктің қымбаттауына байланысты ай сайынғы әлеуметтік көмек |
0,5 (жарты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде |
2011 жыл бойы |
9. |
Қиын өмірлік жағдайға ұшыраған (табиғи апат, өрт, су тасқыны және т.б. төтенше жағдайлардың құрбандары) және туберкулез, АҚТҚ инфекциясын жұқтырған нысаналы топтағы адамдарға біржолғы материалдық әлеуметтік көмек |
қажеттілігіне қарай комиссия ұсынысы негізінде |
2011 жылдың маусым–желтоқсан айлары |
10 |
Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыға біржолғы материалдық әлеуметтік көмек |
90 000 (тоқсан мың) теңгеден |
2011 жылдың маусым–шілде айлары |