"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 33 баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабы 5-1) тармақшасына сәйкес және тиісті көше тұрғындарының ұсынысы негізінде Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Жетісай қаласындағы Данько көшесінің атауы Әшірхан Құрбанұлы болып өзгертілсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: С.Тұрбеков
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: Х.Урманов
Аудандық мәслихаттың хатшысы: Ж.Әбдәзімов