Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2012.04.16 N 1885 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. 2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Мақтаарал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2012 жылдың қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Қала, кент және ауылдық округтердің әкімдері Мақтаарал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу кезеңінде шақырылушыларды хабардар етуді ұйымдастырсын және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
3. Меншік нысандарына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
1) тіркелуге жататын азаматтарды ауданның шақыру учаскесіне шақыру жөнінде хабарлау және шақыру бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету;
2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
4. «Жетісай» Мақтаарал аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері мен «Атакент» Мақтаарал аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісімдері бойынша) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен құралымдарда әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережелерінде айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өткізу ұсынылсын.
5. Мақтаарал ауданының ішкі істер басқармасының бастығына (келісімі бойынша) 2012 жылдың 1 сәуірінен кейін дәлелді себептерсіз әскери есепке қоюдан жалтарған әскерге шақыру жасына дейінгілерді іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қалжановқа жүктелсін.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С.Тұрбеков
КЕЛІСІЛДІ:
Мақтаарал ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
__________________ Аяпов Әкім Серікбайұлы
30 желтоқсан 2011 жыл
Мақтаарал ауданының ішкі істер
басқармасының бастығы
__________________ Адилов Асылхан Қозыкеұлы
30 желтоқсан 2011 жыл
«Жетісай» Мақтаарал аудандық емханасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
___________________ Утеулиева Бағила Құралқызы
30 желтоқсан 2011 жыл
«Атакент» Мақтаарал аудандық емханасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
___________________ Цой Анатолий Григорьевич
30 желтоқсан 2011 жыл