Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2011.07.08 N 46/1 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1-тармағының 15 тармақшасына және Ордабасы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 маусымдағы № 32/7 "Ордабасы ауданының жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) туралы" шешіміне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Жер салығының базалық ставкалары туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 15/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-8-66 тіркелген, 26 наурыз 2009 жылғы "Ордабасы оттары" газетінің 19 нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383–бабтарында белгіленген жер салығының ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
ХХХІХ сессиясының төрағасы: П.Демеу
Аудандық мәслихат хатшысы: П.С.Жұрман