Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 11/9 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 37 тармағының 9 тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын және базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талон құнының мөлшері туралы» Ордабасы аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы 15/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-8-65 тіркелген, 2009 жылғы 4 ақпанда «Ордабасы оттары» газетінің 16 нөмірінде жариаланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің 1 және 2 қосымшаның атауындағы «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
шешімнің 1-қосымшадағы «отырғызу» деген сөз «отырғызылатын» деген сөзбен, «бақша дақылдары» деген сөз «бақша дақылдарын» деген сөзбен, «саяжай» деген сөз «саяжайларда» деген сөзбен,«өсірілетін» деген сөз «өсірілген» деген сөзбен, «бақшалық» деген сөз «бақшашылық» деген сөзбен, «өнімдері» деген сөз «өнімдерін» деген сөзбен, «құстарға» деген сөз «құстардың» деген сөзбен, «жидектері» деген сөз «жидегін» деген сөзбен, және «үй жануарлары мен құстарды бағу» деген сөздер «үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
шешімнің 2-қосымшадағы «Базар аумағындағы дүңгіршектерді, стационарлық үй жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтер» деген сөздер «Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолданады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Осы шешім алғаш ресми жариаланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХХХҮІІІ сессиясының төрағасы: Ә.Қамбарұлы
Аудандық мәслихаттың хатшысы: П.Жұрман