2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданды әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы N 537 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 30 қаңтарда N 14-8-120 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 324 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімі аппаратының 30.01.2013 № 324 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және олардың қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.
      2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Төлебаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі:                               Ш.Кенжеев

      Ордабасы ауданы әкімдігінің
      2011 жылғы 30 желтоқсандағы
      № 537 қаулысына қосымша

      2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері және қаржыландыру көздері

Р/с

Ұйымдардың атауы

Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері

1

Ордабасы ауданы әкімдігінің «Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

35

Әлеуметтiк жәрдемақыларға құжаттарды ресiмдеу және компьютерлiк базаға мәлiметтердi енгiзу -1400 іс, құжаттарды тiгу – 700 іс, мұрағат құжаттарын өндеуге көмек көрсету – 500 іс

Аудандық бюджет

2

«Темірлан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

98

Көшелердi және аумақтарды қоқыстардан тазалау - 30000 шаршы метр, көшеттердi отырғызу - 400 дана, гүл отырғызатын жерлердi бөлшектеу - 2000 шаршы метр, дуалдарды ақтау - 5000 метр, дуалдарды жөндеу - 5000 шаршы метр

Аудандық бюджет

3

Ордабасы ауданы әкімдігінің «Ордабасы аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

6

Салынатын және күрделі, ағымды жөндеуден өтетін нысандардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесу – 35 нысан

Аудандық бюджет

4

«Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

25

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 1000 бет, факс жіберу – 300 бет, мәтіндерді басу және шығару – 400 бет, хаттарды жеткізу – 550 хат.

Аудандық бюджет

5

Ордабасы ауданы әкімдігінің «Қажымұқан ауыл округі әкім аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

45

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 100 бет, факс жіберу – 110 бет, мәтіндерді басу және шығару – 200 бет, хаттарды жеткізу – 210 хат.

Аудандық бюджет

6

Ордабасы ауданы әкімдігінің «Бадам ауыл округі әкім аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

45

Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, ауылды көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр

Аудандық бюджет



7

Ордабасы ауданы әкімдігінің «Қараспан ауыл округі әкім аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

45

Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, ауылды көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр

Аудандық бюджет

8

Ордабасы ауданы әкімдігінің «Төрткүл ауыл округі әкім аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

45

Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, ауылды көрiктендiру, қоқыстардан тазарту– 40000 шаршы метр

Аудандық бюджет

9

Ордабасы ауданы әкімдігінің «Шұбарсу ауыл округі әкім аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

45

Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, ауылды көрiктендiру, қоқыстардан тазарту– 40000 шаршы метр

Аудандық бюджет



10

Ордабасы ауданы әкімдігінің «Бөржар ауыл округі әкім аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

35

Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, ауылды көрiктендiру, қоқыстардан тазарту– 35000 шаршы метр

Аудандық бюджет

11

Ордабасы ауданы әкімдігінің «Шұбар ауыл округі әкім аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

35

Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, ауылды көрiктендiру, қоқыстардан тазарту– 35000 шаршы метр

Аудандық бюджет

12

Ордабасы ауданы әкімдігінің «Қарақұм ауыл округі әкім аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

28

Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, ауылды көрiктендiру, қоқыстардан тазарту– 30000 шаршы метр

Аудандық бюджет

13

Ордабасы ауданы әкімдігінің «Жеңіс ауыл округі әкім аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, ауылды көрiктендiру, қоқыстардан тазарту– 30000 шаршы метр

Аудандық бюджет

14

Ордабасы ауданы әкімдігінің «Бөген ауыл округі әкім аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, ауылды көрiктендiру, қоқыстардан тазарту– 30000 шаршы метр

Аудандық бюджет

15

«Нұр-Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгi Ордабасы аудандық филиалы

8

Құжаттарды дайындауға көмек көрсету – 300 іс, азаматтардан түскен арыз және үндеулер бойынша курьерлiк жұмыс жасау – 200 хат

Аудандық бюджет

16

«Ордабасы аудандық Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

5

Құжаттарды дайындауға көмек көрсету – 500 іс

Аудандық бюджет


Барлығы

550



      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады