2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Сайрам ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы N 1440 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 14-10-175 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 2796 хатымен

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2012.08.08 № 2796 хатымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 8 тармақшасына, 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 2536 баптарына, 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" қаулысына сәйкес Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылғы 4 қаңтар мен 30 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының 1995 жылы туылған 2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын "Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім" мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - ММ) шақыру учаскесінде тіркеуі жүргізілсін.
      2. 1995 жылы туылған жастарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу үшін мына құрамда тіркеу комиссиясы құрылсын:

Бердибеков Валихан Абдуқадырұлы

«Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім» ММ-нің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Жақыпбеков Ақылбай Жүсіпбекұлы

«Сайрам аудандық ішкі саясат
бөлімі» ММ-нің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімдігінің уәкілетті өкілі

Комиссия мүшелері:

Саитмуратов Абдуманнап Умурзақұлы

«Ақсукент» Сайрам аудандық
емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (әрі қарай – МКҚК) оташы-дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы

Есенов Бауыржан

«Сайрам аудандық ішкі істер басқармасы» ММ бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Горшкова Наталья Ивановна

«Ақсукент» Сайрам аудандық емханасы» МКҚК медбикесі, комиссия хатшысы.

      3. «Ақсукент» Сайрам аудандық емханасы» МКҚК-на (бас дәрігер С.Абуов – келісім бойынша), «Қарабұлақ» Сайрам аудандық емханасы» МКҚК-на (бас дәрігер Э.Рахметова– келісім бойынша) және «Сайрам» Сайрам аудандық емханасы» МКҚК-на (бас дәрігер Х. Ашурбаев– келісім бойынша):
      1) 1995 жылы туылған азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру мақсатында медициналық комиссиясын қажетті медициналық құрал-жабдықтар және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
      2) тіркеу комиссиясының жолдамасы бойынша тіркелушілерді жедел түрде стационарлық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету;
      3) тіркелушілерді жалпы анализ тапсырудан, электрокордиологиялық және флюорографиялық тексеруден уақытылы және үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. «Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім» ММ-не (бөлім бастығы В.Бердибеков – келісім бойынша):
      1) «Сайрам аудандық білім беру бөлімі» ММ-мен бірлесіп әскери – техникалық мамандықтар бойынша даярлау және Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарына түсу үшін талапкерлерді іріктеуді жүргізу;
      2) тіркеуге алу кезінде «Сайрам аудандық білім беру бөлімі» ММ-мен бірлесіп, шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық мәселелер бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып, өткізу;
      3) аудан әкіміне тіркеуді жүргізудің қорытындысы жөнінде және тіркеу комиссиясының атқарған жұмысы туралы аудан әкіміне 2012 жылдың 10 сәуіріне дейін ақпарат беру ұсынылсын.
      5. Сайрам аудандық білім беру бөлімі» ММ (бөлім бастығы Д.Айкозова) және ауыл округтерінің әкімдері:
      1) шақырылушы жастардың тізімдерін және құжаттарын «Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім» ММ-не уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсін, шақыру қағаздарын уақытылы таратылуын бақыласын;
      2) бекітілген кестеге сәйкес тіркелушілерді белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне алып келу және алып қайтуды бастапқы әскери дайындықты оқытушы – ұйымдастырушылары мен әскери есеп столының мамандары арқылы ұйымдастырсын;
      3) кәсіпорын және оқу мекемелері басшыларымен бірлесіп, жастарды әскер қатарындағы қызметке дайындау мақсатында мемлекеттік және орыс тілдерін нашар меңгерген 1995 жылы туылған жастарды анықтасын және оларды оқытуды ұйымдастырсын.
      6. «Сайрам аудандық ішкі істер басқармасы» ММ-не (басқарма бастығы М. Оразалиев – келісім бойынша):
      1) тіркеуден жалтарғандарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізуге, сондай-ақ тіркеу уақытында шақыру пунктінде тәртіп сақтау үшін бір қызметкерді бөлуге көмек көрсету;
      2) 2012 жылдың 1 сәуірінен кейін әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      7. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясы мүшелерінің және медициналық қызметкерлердің шақыру учаскесінде жұмыс істеу уақытында жұмыс орны, қызметі және жалақысы сақталатындығы белгіленсін.
      8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ол ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ш.Халмуратовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                У.Қайназаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Сайрам ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлім» ММ бастығы         В.А.Бердибеков
      2011 жыл «02» 2011

      «Сайрам аудандық ішкі істер
      басқармасы» ММ бастығы                     М.М.Оразалиев
      2011 жыл «02» 2011

      «Ақсукент» Сайрам аудандық
      емханасы» МКҚК бас дәрігері                С.Х.Абуов
      2011 жыл «02» 2011

      «Қарабұлақ» Сайрам аудандық
      емханасы» МКҚК бас дәрігері                Э.Т.Рахметова
      2011 жыл «02» 2011

      «Сайрам» Сайрам аудандық
      емханасы» МКҚК бас дәрігері                Х.Б.Ашурбаев
      2011 жыл «02» 2011

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады