Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің 2012.01.13 N 139 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерi көлемінде бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ауесхановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Мырзабаев
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 2 наурыздағы № 243
қаулысына қосымша
2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері және қаржыландыру көздері
Р/с |
Ұйымдардың тізбесі |
Адам саны |
Жұмыстың түрлері |
Қаржыландыру көзі |
1 |
Қала, поселке, ауыл, ауылдық округтері әкімдерінің аппараты |
564 |
Көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау және мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, тарату |
Аудандық бюджет |
2 |
Сарыағаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі |
6 |
Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу |
Аудандық бюджет |
570 |